"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1998 жылғы 26 наурыздағы N 3891

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар N 2694 U952694_ Жарлығының 50-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2894 U962894_ Жарлығының 1-тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мына сөздер алынып тасталсын:
      "Колпаков Константин Анатольевич - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi;
      Мостович Александр Эдуардович - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының депутаты;
      Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы - Қазақстан Республикасы Президентi

Әкiмшiлiгiнiң Заң және құқықтық сараптама мәселелерi жөнiндегi
бөлiмiнiң меңгерушiсi;
     Шуткин Степан Иванович - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры;
     2) мына сөздермен толықтырылсын:
     "Ескендiров Қайролла Ғазизұлы - Қазақстан Республикасының
Парламентi Сенатының депутаты;
     Мұхамеджанов Бауыржан Әлiмұлы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрi;
     Хитрин Юрий Александрович - Қазақстан Республикасының Бас
Прокуроры";
     3) "Семиозер", "Талдықорған" сөздерi тиiсiнше "Әулиекөл",
"Алматы" сөздерiмен алмастырылсын.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi