Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор (бұдан былай - Қор) құруды қамтамасыз етсiн, оның қызметiнiң негiзгi бағыттары тұрмысы төмен азаматтарға материалдық және қаржылық ресурстарды беру, қызметтер көрсету (жұмыстар жүргiзу), әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына жәрдемдесу, сондай-ақ тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiру болып белгiленсiн.
2. Қордың мүлкiн қалыптастыру көздерi ерiктi қайырмалдықтар түрiнде берiлетiн ақша, сондай-ақ басқа да мүлiк және заңға қайшы келмейтiн өзге де аударымдар болып табылады деп белгiленсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi "Зейнеткерлер мен халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық қайырымдылық қорларын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1805 Жарлығы негiзiнде құрылған зейнеткерлер мен халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын қайта құруды қамтамасыз етсiн.
4. Ақмола қаласының әкiмi тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiнде аймақтық қор құруды қамтамасыз ететiн болсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi