Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн реформалау жөнiндегi бұдан былайғы шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 17 қараша N 3761. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.07.06. N 417 жарлығымен. ~U000417

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетін нығайту, Қарулы Күштер құрылымын жетiлдiру мен қызметiн ұйымдастыру, әскери басқару жүйесiн қазiргi замандағы әскери-саяси және экономикалық талаптарға сәйкес келтiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскерлерiнiң түрлерi мен тектерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мынадай түрлерi құрылсын:
      1) Жалпы мақсаттағы күштер;
      2) Әуе қорғанысы күштерi;
      3) <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Президентінің
               1999.12.10. N 282 жарлығымен. U990282_
      2. Былай деп белгiленсiн:
      1) әскери басқарудың орталық органы ретiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасында Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылық, қорғаныс құрылысы функциялары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң түрлерiн басқаруды жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн қолдануды жедел стратегиялық жоспарлау функциясын жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы мына мерзiмге:
      1) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн Мемлекет басшысына осы Жарлықтың 2-тармағының талаптарынан туындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жаңа құрылымы мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабының өкiлеттiктерiн жiктеу жөнiнде ұсыныстар беретiн болсын;
      2) 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған қаруландыру мен әскери техниканы дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеп, 1998 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi екi ай мерзiмде:
      1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын осы

Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар әзiрлеп, Мемлекет басшысы
мен республика Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;
     2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарылған актiлерiн
осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
     3) Осы Жарлықтан туындайтын басқа да шараларды қолданатын болсын.
     5. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығына жүктелсiн.
     6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi