"Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3237 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 14 қарашадағы N 3758

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
      "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3237 U963237_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      7-тармақ:
      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң

төрағасы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасының
төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы" сөздерi
алып тасталсын;
     "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры" сөздерiнен кейiн
"Қазақстан Республикасы "Барлау" қызметiнiң Директоры" сөздерiмен
толықтырылсын.
     2. Мыналар Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi
болып тағайындалсын:

     Балғымбаев                 - Қазақстан Республикасының
     Нұрлан Өтепұлы               Премьер-Министрi

     Баекенов                   - Қазақстан Республикасының
     Болат Әбдiрахманұлы          Президентi Күзет қызметiнiң
                                  бастығы

     Қалмырзаев                 - Қазақстан Республикасының
     Сарыбай Сұлтанұлы            Президентi Әкiмшiлiгiнiң
                                  Басшысы

     Мұсаев                     - Қазақстан Республикасы
     Әлнұр Әлжапарұлы             Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң
                                  төрағасы

     Өтембаев                   - Қазақстан Республикасының
     Ержан Әбiлқайырұлы           Стратегиялық жоспарлау
                                  және реформалар жөнiндегi
                                  агенттiгiнiң төрағасы

     Хитрин                     - Қазақстан Республикасының
     Юрий Александрович           Бас Прокуроры

     3. Ә.М.Қажыгелдин, Ө.Ә.Әбдiкәрiмов, Ж.М.Жұманбеков, Б.С.Зәкиев,
Н.М.Макиевский, С.Б.Тоқпақбаев, Ж.А.Тұяқбаев, С.И.Шуткин Қазақстан
Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамынан шығарылсын.

     4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi