Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының
3)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542
U952542_
Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33,
410-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақ "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
орынбасарлары" сөздерiнен кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi