Ақмола қаласына көшетiн Қазақстан Республикасының Президентi, жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың қызметiн қаржылық, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
1. Ведомстволық қарасты бөлiмше - Қазақстан Республикасы
Президентi Іс Басқармасын құра отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының құрылымы қайта құрылсын. U984034
Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.08.31. N 4034 жарлығымен.
2. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2000.04.21. N 378 жарлығымен.
3. Осы Жарлық 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi