1. Бiр жолғы төлем төлеу:
шақыру бойынша әскери қызметiн өткеру кезеңiнде қаза тапқан немесе алынған жарақаттың, контузияның, зақымның, науқастың зардабынан әскери қызметтен босағаннан кейiн қайтыс болған (олар құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан қайтыс болған оқиғаларды қоспағанда) әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген есептiк көрсеткiштiң осы Жарлық күшiне енген күнгi 150 еселенген көлемi мөлшерiнде;
әскери қимылдарда қаза тапқан, қайтыс болған (олар құқыққа қарсы әрекеттерi салдарынан қайтыс болған оқиғаларды қоспағанда) әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген есептiк көрсеткiштiң осы Жарлық күшiне енген күнгi 200 еселенген көлемi мөлшерiнде жүргiзiлсiн.
2. Былай деп белгiленсiн:
1) екi немесе одан көп әскери қызметшiлер қаза тапқан, қайтыс болған жағдайда бiр жолғы төлем төлеу әрбiр әскери қызметшi үшiн жүргiзiледi;
2) қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының қайтыс болуына байланысты төленбеген бiр жолғы төлем мұраға қалдырылмайды.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) 10 күндiк мерзiмде бiр жолғы төлем төлеудi жүзеге асырудың
тәртiбiн бекiтетiн болсын; 2) осы Жарлықта көзделген бiр жолғы төлем төлеудi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 1997 жылдың аяғына дейiн жүзеге асырсын. 4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi