Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 26 мамырдағы N 3531

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығын орындау үшiн қаулы етемiн:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 410-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      1) "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi" деген сөздер:
      "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2) "Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Мына актiлердiң күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанынан Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 22 қаңтардағы N 583 Жарлығы;
      "Мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 1220 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 19, 225-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк басқару орталық органдарының тiзбесi туралы" Жарлығына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1161 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 18, 178-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2068 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,N 9, 96-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 наурыздағы N 2137 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 11, 132-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2284 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18, 198-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 2774 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 1, 1-құжат);
      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 86-құжат);
      "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 2983 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 160-құжат);

     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 қыркүйектегi 
N 3113 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 36,
339-құжат);
     3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Үкiметтiң бұрын шығарылған
актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
     4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi