1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң нышандары және оның туы, нышаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң арнаулы белгiсi болып белгiленсiн.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi туының, нышанының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң арнаулы белгiсiнiң бейнесi мен сипаттамасы;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң нысандық және арнаулы киiм-кешегiнiң үлгiлерi.
3. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң омырауға тағатын белгiлерi, жетондары, эмблемалары, кокардалары, айырым белгiлерi мен басқа да белгiлiк жүйе элементтерi осы Жарлықта көзделген нышандар негiзiнде әзiрленедi және оны Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы бекiтедi;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң нышандарын дайындауды мемлекеттiк нышандарды дайындауға белгiленген заң тәртiбiмен берiлетiн лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң туы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасының кабинетiне қойылады, әскерлердiң шеруiне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қатысуына байланысты басқа да қажеттi жағдайларда алып шығарылады (тiгiледi);
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi мекемелерi мен бөлiмшелерiнiң тулары олардың жарғыларының ережелерiнде көзделген жағдайларда тiгiледi;
5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң нышаны Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң ғимараттарында сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты мекемелерiнiң, бөлiмшелерi мен оқу орындарының ғимараттарында қойылады;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi Төрағасының бұйрықтарымен немесе өзге де нормативтiк актiлермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi нышаны бейнесiнiң мiндеттi түрде жаңғырту жағдайлары көзделуi мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң ұсынысы бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң
қызметкерлерiн нысандық және арнаулы киiм-кешекпен жабдықтау нормаларын бекiтсiн; 2) республикалық бюджетте осы комитет үшiн бөлiнген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң нышандарын дайындау және оның қызметкерлерiнің нысандық киiмiн, аяқ киiмiн, керек-жарақтары мен айырым белгiлерiн шығару мен жабдықтауға қажеттi қаражат бөлудi қарастырсын. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi