Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 21 мамырдағы N 3512

Қолданыстағы
      Қаулы етемiн:
      I. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 U962742_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2-тармақта:
      2)-тармақша алынып тасталсын;
      3)-9)-тармақшалар тиiсiнше 2)-8)-тармақшалар деп саналсын;
      10)-тармақша 9)-тармақша деп саналсын және одан "және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының" сөздерi алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа 10) және 11)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) Күзет қызметiнiң штаттан тыс жедел қызметкерлерi ретiнде азаматтарды ерiктi негiздерде тартады";
      11) Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында олардың келiсiмiмен мiндеттi әскери қызметте қалдыра отырып, мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардағы штаттық қызметтердi атқаруға белгiленген тәртiппен жiбередi";
      11)-тармақша 12)-тармақша деп саналсын;
      2. 3-тармақта:
      4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "оның орынбасарлары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Күзет қызметi бастығының бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады";

     16)-тармақшада "лауазымдық жалақыларды" сөздерi алынып
тасталсын;
     3. 5-тармақта "Кеңес мүшелерi өз кезегiне Республика
Президентiне өз пiкiрiн хабарлай алады" сөздерi алынып тасталсын;
     4. 6-тармақта "Күзет қызметiнде офицер жиналысы республикалық
ұланмен бiрлесiп те, бөлек те өткiзiлуi мүмкiн" сөздерi алынып
тасталсын.
     II.
<*>

     Ескерту. II-тармақ күшін жойды - Қазақстан Республикасы Президентінің 
              2000.05.12. N 392 жарлығымен. 

U000392_

 
     III. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi