"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 қарашадағы N 2594 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 15 мамыр N 3504. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465  Жарлығын  орындау үшiн қаулы етемiн: 

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 қарашадағы N 2594  Жарлығымен  бекiтiлген Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) 1-тармақтың 1)-тармақшасы "алдын ала тергеу" сөздерiнен кейiн "экономикалық, лауазымдық және әскери қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша, жедел iздестiру қызметiн, ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлыққа, сондай-ақ басқа да ерекше қауiптi қылмыстық көрiнiстерге қарсы күрес жүргiзетiн" сөздерiмен толықтырылсын; 
      2) 1-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "өзiне жүктелген мiндеттердi атқара отырып, облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша, Қарулы күштердегi, өзге де әскерлер мен әскери құрамалардағы өзiне бағынысты бөлiмшелерге, сондай-ақ оқу орындарына, мекемелер мен ұйымдарға басшылықты қамтамасыз етедi, оның ерекше режимдi және ерекше маңызды объектiлерде, iрi қалалар мен аймақтарда өкiлдiктерi болады"; 
      3) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "10. Мемлекеттiк тергеу комитетi төрағасының үш орынбасары болады, оларды оның ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады"; 
      4) 11-тармақтың 6)-тармақшасында "арнаулы әскери атақтар" сөздерi "арнаулы және әскери атақтар" сөздерiмен алмастырылсын; 
      5) 11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7. Мемлекеттiк тергеу комитетi департаментiнiң, бас басқармаларының, басқармаларының, бөлiмдерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарларын, оқу орындарының, мекемелердiң, ұйымдардың бастықтары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады". 

      2. Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдарының қоса берiлiп отырған құрылымы мақұлдансын.

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi
туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 4 қарашадағы N 2594 Жарлығының 2-тармағының күшi жойылған
деп танылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң    
1997 жылғы 15 мамырдағы 
N 3504 Жарлығымен  
мақұлданған    

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң
органдары мен бөлiмшелерiнiң құрылымы

      I. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң орталық аппаратының, Алматы, Ақмола қалалары және облыстар бойынша Мемлекеттiк тергеу комитетi департаментiнiң (бас басқармалардың,  басқармалардың) үлгiлiк ұйымдық құрылымы:
      Әскери-тергеу департаментi (басқарма, бөлiм)
      Экономикалық және лауазымдық қылмыстарды тергеу департаментi 
(бас басқарма, басқарма, бөлiм)
      Аса қауiптi қылмыстарды тергеу департаментi (бас басқарма, басқарма, бөлiм)
      Арнаулы тергеу департаментi.
      Есiрткi бизнесiн тергеу департаментi (бас басқарма, басқарма,
бөлiм)
      Жедел қызмет департаментi (бас басқарма, басқарма бөлiм)
      Ұйымдық-кадр департаментi (бас басқарма, басқарма, бөлiм)
      Әкiмшiлiк-қаржы департаментi (бас басқарма, басқарма бөлiм)
      "Интерпол" ұлттық орталық бюросы - басқарма
      Екiншi арнаулы бөлiм (бөлiмше)
      Арнаулы мекемелер бөлiмi (бөлiмше, топ)
      Жедел-техникалық басқарма (бөлiм, бөлiмше)
      Ғылыми-зерттеу орталығы - басқарма
      Iшкi қауiпсiздiк қызметi (бөлiм, бөлiмше, топ)
      Ақпараттық-талдау орталығы (басқарма, бөлiм)
      ТМД аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы және өзге де аса
қауiптi қылмыс түрлерiне қарсы күрестi үйлестiру жөнiндегi бюродағы
өкiлеттi өкiл
      Төраға кеңесшiсi
      Баспасөз хатшысының қызметi
      Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қалалар мен аумақтар бойынша
аумақтық департаментiнiң өкiлдiктерi

      II. Мемлекеттiк тергеу комитетiне, Алматы, Ақмола қалалары 
және облыстар бойынша Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң (бас басқармаларға, басқармаларға) департаменттерiне тiкелей бағынысты бөлiмшелер:
      Әскери-тергеу және арнаулы бөлiмшелерi
      Кезекшi бөлiмдер
      Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер
      Алдын ала қамау мекемелерi
      Автошаруашылық және автожөндеу шеберханалары
      Әскери-дәрiгерлiк комиссия
      Емдеу-сауықтыру мекемелерi
      Арнаулы оқу орындары
      Әскери және арнаулы жабдықтау базалары
      Клуб
      Газет редакциясы
      Қызмет көрсетушi персонал және күзет
      Баспахана