Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеге өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 30 сәуiр N 3477. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 1997.08.13. N 3614 Жарлығымен. ~U973614

Күшін жойған
      Қаулы етемiн:
      "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 1 қазандағы N 1356 K931356_ Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық институты (ҚСЗИ) туралы ережеге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. "Институт қызметiн басқару және Институттың құрылымы" атты V бөлiмнiң бiрiншi және бесiншi абзацтарында "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң" сөздерi "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң" сөздерiмен алмастырылсын.
      2. "Институт басшыларының құқықтары мен мiндеттерi" атты VI

бөлiмнiң бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi
Төрағасы орынбасарының" сөздерi "Қазақстан Республикасы Президентi
Әкiмшiлiгiнiң" сөздерiмен алмастырылсын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi