Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3470

Қолданыстағы
      Қаулы етемін:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссияның құрамы (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      3. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3009 U963009_ Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 212-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
            Президентi
                                            Қазақстан Республикасы
                                                Президентiнiң
                                           1997 жылғы 22 сәуiрдегi
                                              N 3470 Жарлығымен
                                                  бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
               Адам құқығы жөнiндегi комиссия туралы
                                ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөнiндегi комиссия (бұдан былай - Комиссия) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады.
      2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының Президентiне адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруына;
      2) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының қамтамасыз етiлуi мен қорғалуы тетiгiн жетiлдiруге жәрдемдесу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституция мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комиссияның құзыретi:
      1) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтары жөнiнде Мемлекет басшысына және тiкелей Комиссияға жолданған өтiнiштердi қарайды;
      2) адам құқығының сақталуы туралы жыл сайынғы әрi арнаулы баяндамалар әзiрлейдi;
      3) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының қамтамасыз етiлуi және қорғалуы тетiгiн жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) Қазақстан Республикасының мүдделерiн қозғайтын адам құқығы саласындағы халықаралық-құқықтық актiлер жөнiнде талдау материалдарын, сараптау-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар даярлайды;
      5) адам құқығы жөнiндегi халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады.
      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында:
      1) органдар мен лауазымды адамдардан қажеттi мәлiметтердi, құжаттар мен материалдарды сұратып алдыруға;
      2) өз отырыстарында адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәселелер жөнiнде тиiстi лауазымды адамдардың хабарламасын тыңдауға;
      3) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен ғалымдар мен мамандарды тартуға хақылы.
      6. Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң назарына жеткiзiлетiн ұсынымдар мен қорытындылар Комиссияның шешiмдерi болып табылады.
      Комиссияның ұсынымдары мен шешiмдерi Комиссияның отырысына қатысқан мүшелерi санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
      7. Комиссия Мемлекеттiк хатшының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Комиссия төрағасынан, хатшысы мен мүшелерiнен тұрады.
      Комиссия төрағасы мен мүшелерi Комиссия жұмысына қоғамдық негiзде қатысады.
      <*>
      Ескерту. 7-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚР Президентінің
               1999.03.24. N 89 жарлығымен. U990089_
      8. Комиссия қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін хатшылығы жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1999.03.24. N 89
               жарлығымен. U990089_
      9. Комиссия қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын Адам құқығы жөнiндегi комиссия хатшылығы жүзеге асырады.
      Комиссия хатшылығы сол сияқты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкiмдерi аппараттарының қарауында адам құқығы мәселелерi болатын лауазымды адамдарына ұйымдық-әдiстемелiк, ақпараттық және өзге де көмек көрсетедi.
      Комиссия хатшылығы қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерi

Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы бекiтетiн
ол туралы Ережемен айқындалады.
     10. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттiлiкке қарай,
тоқсан сайын кемiнде бiр рет шақырады. Комиссия отырыстары Комиссия
мүшелерi жалпы санының үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.
     Комиссия төрағасы орнында болмаған уақытта оның отырыстарында
Комиссия хатшысы төрағалық етедi.
     11. Сараптамалық-талдау зерттеулерiн жүргiзу үшiн Комиссия
жанынан ғылыми мекемелер мен үкiметтiк емес ұйымдар өкiлдерiнен
қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн Сарапшылық кеңес құрылады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                       1997 жылғы 22 сәуiрдегi
                                          N 3470 Жарлығымен
                                              бекiтiлген

             Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
                Адам құқығы жөнiндегi комиссияның құрамы

     Әбдiлдин Жабайхан                - Қазақстан Республикасы
     Мүбәракұлы                         Парламентi Сенатының
                                        Халықаралық iстер, қорғаныс
                                        және қауiпсiздiк жөнiндегi
                                        комитетiнiң төрағасы
                                        (келiсiм бойынша) 
<*>


     Байқадамов Болат -                 Қазақстан Республикасы
     Кенжекешұлы                        Президентiнiң жанындағы
                                        Адам құқығы жөнiндегi комиссия
                                        Хатшылығының меңгерушiсi 
<*>


                     Комиссия мүшелерi:
     
     Әбусейтов                  - Қазақстан Республикасының 
     Қайрат Қуатұлы               Сыртқы істер вице-министрі 
<*>
 
     
     Барақова                   - Қазақстан Республикасы Парламенті 
     Сайлаукүл Жапбарқызы         Сенатының депутаты (келісім 
                                  бойынша) 
<*>
 
     
     Бодин                      - Астана округі шіркеулерінің тақуасы 
     Сергей Анатольевич           (келісім бойынша) 
<*>

     (Иеромонах Агафангел) 
     
     Қалдығұлова                - Қазақстан Республикасы Парламенті 
     Сәния Мұсақызы               Мәжілісінің депутаты (келісім            
                                  бойынша) 
<*>
 
     
     Ораз Серік                 - Астана қаласы мешітінің имамы 
                                  (келісім бойынша) 
<*>
 
     
     Радостовец                 - Қазақстан Республикасының Еңбек 
     Николай Владимирович         және халықты әлеуметтік қорғау 
                                  министрі 
<*>
 
     
     Тараков                    - "Казахстанская правда" газеті бас 
     Александр Юрьевич            редакторының бірінші орынбасары 
<*>

     
     Тасмағамбетов              - Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
     Сағитжан Досымұлы            Соты әскери сот алқасының 
                                  төрағасы 
<*>


     Ақмұрзин Ерлан           - "Азамат-Таймс" республикалық ұлтаралық
     Бақтыбайұлы                келiсiм газетiнiң бас редакторы


     
     Жалыбин Сергей           - Қазақстан Республикасының Әдiлет
     Михайлович                 вице-министрi 
<*>


     Жүрсiмбаев Сағындық      - Қазақстан Республикасы Бас
     Кемалұлы                   прокуратурасы аппаратының басшысы 
<*>


     Сәрсембаев Марат         - Бiлiм мекемелерi
     Алдоңғарұлы                қауымдастығының президентi,
                                заң ғылымының докторы

     Цой Геральд               - Қазақ аймақтық "Тесен"
     Владимирович                әлеуметтiк-құқықтық қорғау
                                 комитетiнiң төрағасы

     Имашев                  - Қазақстан Республикасының Шағын
     Берiк Мәжитұлы            бизнестi қолдау жөнiндегi
                               агенттiгiнiң төрағасы, Қазақстан
                               Республикасы Президентiнiң шағын
                               бизнестi дамыту мәселелерi
                               жөнiндегi көмекшiсi

     Мартынов                - Қазақстан Кәсiподақтар федерациясы
     Леонид Николаевич         төрағасының орынбасары
     
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1998.06.06. N 3976
              жарлығымен.  

U983976_

  
     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚР Президентiнiң 2000.03.18. N 363
              жарлығымен.  

U000363_