Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн жетiлдiру, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Былай деп:
1) Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының жүйесiн Мемлекеттiк тергеу комитетi, облыстар, Ақмола мен Алматы қалалары бойынша оның өзiне бағынысты Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң бөлiмшелерi, сондай-ақ оқу орындары, мекемелерi мен ұйымдары құрайды;
2) Мемлекеттiк тергеу комитетi экономикалық, лауазымдық және әскери қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа, сондай-ақ басқа да аса қауiптi қылмыс көрiнiстерiне қарсы күрес жүргiзедi деп белгiленсiн.
2. Мыналар құрылсын:
1) Iшкi iстер министрлiгi мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарында заңдар бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң тергеуге алуына жатқызылмаған қылмыстар жөнiндегi iстер бойынша алдын-ала тергеудi жүзеге асыратын бөлiмшелер, сондай-ақ криминалдық және әкiмшiлiк полициясы;
2) Қорғаныс министрлiгiнде, Iшкi iстер министрлiгiнде тиiсiнше Қарулы Күштер мен iшкi әскерлерде құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қылмыстар бойынша анықтауды жүзеге асыру үшiн әскери полиция;
3) Әдiлет министрлiгi жанындағы - бiрыңғай сараптама қызметi, оған Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк кеден комитетiнiң сарапшылық-криминалистiк бөлiмшелерi берiлiп, анықтау, алдын ала тергеу мен жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарда маман криминалистердiң қажеттi штатын сақтау көзделсiн;
4) Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Салық полициясы бас басқармасының негiзiнде - Қаржы министрлiгiнiң заңды тұлға мәртебесiн иеленетiн Салық полициясының департаментi;
5) Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Криминалдық-ақпарат орталығының, Iшкi iстер министрлiгi мен Әдiлет министрлiгiнiң статистикалық қызметтерi негiзiнде - Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнде, Мемлекеттiк тергеу комитетiнде және Iшкi iстер министрлiгiнде криминалистiк және жедел есеп жүргiзетiн бөлiмшелердiң болуы көзделiп, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық-статистика және ақпарат орталығы.
3. Құқық қорғау органдары жүйесiнiң реформасына қатысты мәселелердi қарау үшiн Мемлекеттiк комиссия құрылып, оның құрамы (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
4. Мемлекеттiк комиссия 1997 жылғы 1 шiлдеге дейiн белгiленген тәртiппен:
1) Iшкi iстер министрлiгiне Мемлекеттiк тергеу комитетiнен қылмыстарды ашу мен тергеу жөнiнде берiлетiн жұмыс көлемiне сайма-сай жедел тергеу бөлiмшелерiнiң тиiстi штат саны және олардың жұмысын қамтамасыз ету қызметтерi, көлiк, материалдық, техникалық құралдар және басқа материалдық ресурстар;
2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен Мемлекеттiк тергеу комитетiне лауазымдық қылмыстарға қарсы күрестi жүзеге асыратын жедел тергеу бөлiмшелерiнiң штат саны және олардың жұмысын қамтамасыз ету қызметтерi, сондай-ақ қылмыстарды ашу мен тергеу жөнiндегi берiлетiн жұмыс көлемiне сайма-сай Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң көлiк, материалдық, техникалық құралдары және басқа материалдық ресурстары;
3) Iшкi iстер министрлiгiнен Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетке Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оған бағынысты органдардың қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының, ал Iшкi iстер министрлiгiнiң қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн.
6. Мемлекеттiк комиссия 1997 жылғы 10 мамырға дейiн Мемлекеттiк тергеу комитетi туралы ережеге, осы Комитеттiң құрылымы мен штатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына ұсыныстар беретiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) 1997 жылғы 20 мамырға дейiн Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының прокурордың келiсiмiмен өзге құқық қорғау органдарының тергеуiндегi қылмыстық iстердi өздерiнiң жүргiзуiне қабылдау құқығын қарастыра отырып, iшкi iстер органдарына Мемлекеттiк тергеу комитетiнен олардың қарауына берiлетiн қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыру құқығын берудi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен лауазымдық қылмыстар туралы iстер бойынша тергеудi Мемлекеттiк тергеу комитетiне берудi көздейтiн заң жобасын, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы басқа да ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзсiн;
2) Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн, Мемлекеттiк комиссиямен бiрлесiп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды жүзеге асырсын.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1997 жылғы 22 сәуiрдегi
N 3465 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
жүйесiн реформалау мәселелерiн қарау жөнiндегi
мемлекеттiк комиссияның құрамы
Мемлекеттiк комиссияның төрағасы:
Сәрсеков Б.С. - Қазақстан Республикасы Президентiн
ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi
көмекшiсi, Қазақстан Республикасы
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы
Мемлекеттiк комиссия төрағасының орынбасары:
Рогов И.И. - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
кеңесшiсi
Мемлекеттiк комиссияның мүшелерi:
Алтынбаев М.Қ. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрi
Жұманбеков Ж.М. - Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
Колпаков К.А. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрi
Макиевский Н.М. - Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң төрағасы
Мұхамеджанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасының Президентi
Әкiмшiлiгiнiң Заң және сот жүйесi
мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Смағұлов Н.Р. - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Үкiмет
шешiмдерiн дайындауды үйлестiру бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары
Сүлейменов Қ.Ш. - Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер министрi
Тұяқбаев Ж.А. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
тергеу комитетiнiң төрағасы
Шуткин С.И. - Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры