Каспий құбыр арнасы консорциумы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 19 сәуiрдегi N 3464

Қолданыстағы
      Каспий құбыр арнасы консорциумын құру туралы шарттарды iске асыру мақсатында және олардың Қазақстан Республикасының мұнай саласын стратегиялық дамытудағы айрықша маңыздылығын ескере отырып қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Каспий құбыр арнасы консорциумының қызметiне байланысты шарттарды мақұлдау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
      1) "Каспий құбыр арнасы консорциумы - К" (бұдан былай "КҚК-К" АҚ-ы деп аталады) акционерлiк қоғамына қатысты сұйық көмiр сутегiн тасымалдау жөнiндегi қызмет экспортынан шетел валютасымен алынатын түсiмдi осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетiлген шарттар қолданылатын кезеңде мiндеттi сатуды енгiзбейтiн болсын;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, сол сияқты одан тысқары жерлердегi банктерде шетел валютасымен "КҚК-К" АҚ-ның шоттарын ашуды қамтамасыз етсiн;
      3) "КҚК-К" АҚ-ға Қазақстан Республикасының резиденттерiнен сұйық көмiр сутегiн тасымалдау жөнiндегi қызметi үшiн шетел валютасын алуына рұқсат етiлсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi