1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 3144 U963144_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 42, 392-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта:
3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiрiншi көмекшiсi (бұдан былай - Бiрiншi көмекшi)";
мына мазмұндағы 4)-6)-тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қазақстан Республикасы Жоғары экономикалық кеңесi Төрағасының орынбасары (бұдан былай - экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшi);
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы (бұдан былай - ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшi);
6) Мемлекет басшысының кеңесшiлерi тобын жасақтайтын Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi құрайды деп белгiленсiн";
2-тармақта:
екiншi абзацта "Көмекшiлер мен кеңесшiлер тобы" сөздерi "Бiрiншi көмекшi, экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшi, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшi, Мемлекет басшысының кеңесшiлерi" сөздерiмен алмастырылсын;
3-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер:
өкiлдiк функцияларын атқару;
идеологиялық мәселелер және саяси партиялармен, өзге де қоғамдық бiрлестiктермен байланыс;
Республика Парламентiмен байланыс;
Республика Президентiне Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттау жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Мемлекет басшысы жанындағы мынадай консультативтiк кеңесшi органдардың: Қазақстан Халықтары ассамблеясының, Мемлекеттiк саясат жөнiндегi ұлттық кеңестiң, Отбасы, әйелдер проблемалары және демографиялық саясат жөнiндегi кеңестiң, Адам құқығы жөнiндегi комиссияның қызметi;
Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау болатын лауазымды адам болып табылады";
5-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әкiмшiлiк - Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп
беретiн мемлекеттiк орган, оның құзырында мынадай мәселелер болады: мемлекеттiк органдарды жалпы бақылау, соның iшiнде Мемлекет басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау; iшкi саясат мәселелерi; саяси ахуалға талдау және болжам жасау; заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiн әзiрлеу және оларға құқықтық сараптама жасау; сот жүйесi мәселелерi және Республика Жоғары сот кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету; жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен байланыс; кадр саясаты және мемлекеттiк қызметтi реформалау мәселелерi; азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi; Мемлекет басшысының баспасөз қызметi; Республика Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi; Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн жүйеде iс жүргiзу"; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекет басшысының Бiрiншi көмекшiсiн, экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшiсiн, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi мен кеңесшiлерiн Республика Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босатады әрi олар өз қызметiн оның тапсырмаларын атқару үшiн жүзеге асырады";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бiрiншi көмекшiнiң құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер болады:
жалпы мәселелер;
Республика Президентiнiң сапарлары мен кездесулерiн даярлау және ұйымдастыру, оның қызметiн хаттамалық қамтамасыз ету;
Мемлекет басшысының жұмыс кестесiн жасау;
Республика астанасын Ақмола қаласына көшiру мәселелерi;
Республикалық ұланның, Республика Президентi Күзет қызметiнiң, Iс басқармасының қызметi;
Мемлекет басшысының Кеңесшiлерi тобының қызметiн үйлестiру;
Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындау";
мынадай мазмұндағы жаңа 10, 11-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшiнiң құзырында
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер болады: Республика Жоғары экономикалық кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру; экономикалық қызметтер мен ведомстволардың жұмысын үйлестiру, жиынтық мәлiметтердi табыс ету; елдегi әлеуметтiк-экономикалық ахуалға талдау жасау; Мемлекет басшысы үшiн әлеуметтiк-экономикалық проблематика бойынша баяндамалар әзiрлеу; экономикалық мәселелер жөнiнде Үкiметпен байланыс; Республика Президентiнiң атынан Республика Ұлттық банкiнде өкiлдiк ету; бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекет басшысының экономикалық саясатын насихаттау; Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындау. 11. Ұлттық қауiпсiздiк жөнiндегi көмекшiнiң құзырында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес мынадай мәселелер болады: Республика Қауiпсiздiк кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру; iшкi және сыртқы қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдау; Республика Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Бас Прокуратурасының, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң мәселелерi; Республика Президентiнiң өзге де тапсырмаларын орындау"; 10-12-тармақтар тиiсiнше 12-14-тармақтар болып саналсын; 12-тармақта "Бiрiншi көмекшi" сөздерiнен кейiн "көмекшiлер" сөзi алынып тасталсын және "экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшi, ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшi" сөздерiмен толықтырылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi