1997 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3432

Қолданыстағы
      "Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 314-құжат) сәйкес және тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттардың қоныс аударуын және оларды жайластыруды ұйымдастыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1997 жылға арналған көшiп келу квотасы қосымшаға сәйкес 2180 отбасы болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың әкiмдерi және Алматы қаласының әкiмi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде практикалық шаралар қолдансын.
      Осы мақсатта:
      босқын-репатрианттардың қоныс аударуын, оларды қабылдау мен жайластыруды ұйымдастыруға арналған шығыстарды жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
      босқын-репатрианттардың туыстық және шаруашылық өндiрiстiк байланыстарын, мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылуын ескере отырып, олардың отбасылары жинақы қоныстанатын аудандарды айқындасын;
      оларды қабылдауды, жайластыруды және олар үшiн қажеттi

әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;
     белгiленген тәртiппен босқын-репатрианттардың тұрғын үй салуына
және шаруашылық қызметiне орналған жер учаскелерiн бөлу туралы
мәселенi шешетiн болсын;
     қажет болған жағдайда облыстық бейiмдеу пункттерiн ұстауға
қаражат бөлудi қарастырсын.
     3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
            Президентi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                       1997 жылғы 27 наурыздағы
                                           N 3432 Жарлығына
                                               қосымша

             1997 жылға арналған шет елдерден көшiп келу
                                КВОТАСЫ
                                                 отбасылар
______________________________________________________________________
  Көшiп келушiлер  |Иран Ислам|Қытай Халық|Монғо.|Сауд Аравия.|Ресей  |
    қоныстанатын   |Республи. |Республика.|лиядан|сы Корольдi.|Федера.|
       облыстар    |касынан   |сынан      |      |гiнен       |циясы. |
___________________|__________|___________|______|____________|_нан___|

Ақмола                   -          -        -                  120
Ақтөбе                   -          -        -                   80
Алматы                   -         10        -                    5
Атырау                   -          -        -                   50
Шығыс Қазақстан          -         10       10                   10
Жамбыл                   -          -        -                    -
Жезқазған                -          -        -                   20
Батыс Қазақстан          -          -        -                  200
Қарағанды                -         15       10                   10
Қызылорда                -          -        -                    -
Көкшетау                 -          -       10                    -
Қостанай                 -          -       25                  150
Маңғыстау               40          -        -                   40
Павлодар                 -          -       20                  120
Солтүстiк Қазақстан      -          -       20                   10
Семей                    -         20       20                  140
Талдықорған              -         10       10                   15
Торғай                   -          -        -                   10
Оңтүстiк Қазақстан      25          5        -         15        20
Алматы қаласы            2          5        3                   10

ЖИЫНЫ                   67         75      128         15      1010

____________________________________________________________________
  Көшiп келушiлер  |Тәжiкстан |Түркмен.|Түрiк Рес.|Өзбекстан|Барлығы|
    қоныстанатын   |Республи. |станнан |публикасы.|Республи.|       |
       облыстар    |касынан   |        |нан       |касынан  |       |
___________________|__________|________|__________|_________|_______|

Ақмола                  -         -          -         -       120
Ақтөбе                  -        30          -        40       150
Алматы                  -         5          -         5        25
Атырау                  -         -          -         -        50
Шығыс Қазақстан         -         -          -         -        30
Жамбыл                  -         -          -         -         -
Жезқазған              20        20          -        70       130
Батыс Қазақстан         -         -          -         -       200
Қарағанды               -         5          -        10        50
Қызылорда               -         -          -         5         5
Көкшетау                -         -          -         -        10
Қостанай                -         -          -        25       200
Маңғыстау               -       350          -        70       500
Павлодар                -         -          -         -       140
Солтүстiк Қазақстан     -         -          -         -        30
Семей                   -         -          -         -       180
Талдықорған             5         -          -        10        50
Торғай                  -         -          -         -        10
Оңтүстiк Қазақстан     20        10         30       135
<*>
    260
Алматы қаласы           5         -          -        15        40

ЖИЫНЫ                  50       420         30       385
<*>
   2180

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi және жаңа бағанмен толықтырылды - 
              ҚР Президентiнiң 1997.10.24. N 3717 жарлығымен.
               

U973717_