Шағын кәсiпкерлiкті дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 6 наурыз N 3398

Қолданыстағы
      Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, Қазақстан азаматтарының кәсiпкерлiк бастамаларын жүзеге асыру үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мемлекеттiк экономикалық саясаттың басым саласы болып саналсын.
      Жүзеге асырылатын шаралар, бiрiншi кезекте, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, оның әлеуметтiк проблемаларын шешу мен еңбек белсендiлiгiн дамытуға, тұтыну рыногын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң алуан түрлерiмен толықтыруға бағытталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстармен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан экономикасының осынау маңызды секторын нығайту мен дамытуға iс жүзiнде жан-жақты практикалық көмек пен қолдау көрсету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi жанынан Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi агенттiк құрып, оның жұмысын ұйымдастырсын. Оның басты мiндеттерi шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың iс-қимылын үйлестiру, оны ең алдымен материалдық өндiрiс саласында дамыту бағдарламасын талдап жасау мен жүзеге асыруға қатысу, шағын кәсiпкерлiкке қаржылық және техникалық көмек көрсету мәселелерiнде халықаралық қаржы институттарымен өзара iс-қимыл жасау, экономиканың осы секторына шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар туғызуға жәрдем жасау болып табылады;
      2) 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қолданылып жүрген заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгiзудi қоса алғанда, заң актiлерiнiң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзсiн, оларда:
      - жұмыс iстейтiн адамдар саны мен жиынтық табысына қарай шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мәртебелерiн анықтау;
      - шаруа (фермер) қожалығын қоса алғанда жеке және отбасылық кәсiпкерлiктi заң тұрғысынан қамтамасыз ету, бұл ретте мемлекеттiк органдардың заңсыз араласпауына кепiлдiк беру көзделсiн, олардың жеке кәсiпкерлердiң құқықтарын бұзатын iс-әрекеттерiне шағым жасаудың айқын рәсiмдерi;
      - тiркеуге келетiн мерзiм мен төлемдi қысқартуды, жарғылық қордың талап етiлетiн мөлшерiн азайтуды, мемлекеттiк меншiктiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеусiз берiлуiн көздей отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң оңайлатылған тәртiбiн енгiзу;
      - мемлекеттiк бақылаушы және тексерушi органдарға шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен және жеке кәсiпкерлермен өзара қатынастарын шарттық негiзде жүзеге асыруға, сондай-ақ олардан заңмен белгiленген айыппұлдарды, өсiмдер мен басқа да санкцияларды қоспағанда, қосымша төлем алуға мүмкiндiк беретiн қолданылып жүрген заң нормалары мен ережелерiн алып тастау;
      - материалдық өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық пен кеден салығын салу саласында жеңiлдiктер қолдану көзделсiн;
      3) 1997 жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, қазақстандық заңды тұлғалар мен кәсiпкерлердiң, халықаралық қаржы ұйымдары шетелдiк үкiметтiк және үкiметтiк емес құрылымдардың қатысуымен шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы ұсыныстар енгiзсiн. Аталған Қордың қызметi Қор қаражатын Қазақстан Республикасы банктерiне конкурстық негiзде шартты орналастыру жолымен шағын бизнес жобаларына (5 млн. теңгеге дейiн) кредиттер беруге бағытталуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп:
      1) мемлекеттiк банктер мен мемлекеттiң қатысуымен екiншi деңгейдегi банктерде жеке кәсiпкерлердi қоса алғанда, шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындары үшiн төлем алмай шоттар ашуды қамтамасыз ететiн тиiстi шешiмдер мен шаралар қабылдасын;
      2) екiншi деңгейдегi банктердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiрiншi кезекте кредиттiк қызмет көрсетуге ынталандыратын шаралар жүйесiн жасасын.
      5. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн мемлекеттiк кәсiпорындардағы пайдаланылмай жатқан өндiрiстiк объектiлер мен алаңдарға, офистiк үй-жайларға түгендеу жүргiзсiн және жарғылық капиталында мемлекеттiк қатысу үлесi бар ұйымдарда осындай түгендеу жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      1997 жылдың II тоқсаны iшiнде аталған объектiлердi (үй-жай, алаңдарды) өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сомасын төлеу мерзiмiн созып 3 жыл iшiнде өтейтiн етiп тендер арқылы сататын болсын.
      1997 жылдың III тоқсаны iшiнде пайдаланылмай жатқан өндiрiстiк үй-жайлар туралы ақпарат берген кәсiпкерлердiң таңдауы бойынша оларды өндiрiстiк мақсаттар үшiн пайдалану шартымен кейiн меншiгiне беру құқығымен оларға бiр жыл мерзiмге жалға немесе сенiм көрсетiп басқаруға берсiн.
      Мүлiктi беру туралы жасасылған шарттарда, егер осындай шарт жасасылған күннен бастап алты ай өткенге дейiн өндiрiстiк қызмет жүзеге асырылмайтын болса, оларды бұзуды қарастыратын талаптар көзделсiн. Қайтарылған мүлiк қайтадан конкурсқа қойылады;
      2) шағын бизнес орталықтары мен инкубаторларын салуға арналған жер учаскелерiн анықтасын, өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне нысаналы жолмен 5 жылға дейiн мерзiмiн созып төлеуге жер учаскелерiн сату жөнiнде ай сайын конкурстар өткiзсiн, оларға жер иелену актiлерiн тегiн берсiн;
      3) бiр ай мерзiмде көп қабатты үйлерде бiрлесiп тұру талаптарын бұзбай, өндiрiстiк қызметпен айналысатын кәсiпкерлерге тұрғын үйлердiң пәтерлерiмен жертөлелерiн қайта жоспарлауды келiсу рәсiмдерiн оңайлатсын. Тиiстi құжаттарды ақысыз беретiн болсын;
      4) шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарына өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру үшiн пайдалану шартымен құрылысы аяқталмаған мемлекеттiк объектiлердi тендерлiк негiзде берудi қамтамасыз етсiн;
      5) өндiрiстiк-шаруашылық қызметтерiн лицензиялауды ұйымдастыру жөнiнде бұрын қабылданған барлық шешiмдер, егер "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында лицензиялардың түрлерi мен оларды беру тәртiбi тiкелей көзделмеген болса, сондай-ақ қалалар мен аудандарды дамытуға, әр түрлi мерекелер мен басқа да шараларды өткiзуге арнап жиналатын мәжбүрлi жарналардың барлық түрлерi жойылсын;
      6) 1997 жылғы 1 сәуiрге дейiн шағын кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту жөнiнде қоғамдық құрылымдар өкiлдерiмен осы Жарлықтың талаптарынан туындайтын мiндеттердi талқыласын және олардың қызметiн қолдау мен жандандыру жөнiнде нақты шаралар қолдансын;
      7) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде жұмыс iстеп тұрған қоғамдық

құрылымдардың жұмысын ұйымдастыруға, олардың консультациялар өткiзуiне 
және кәсiпкерлердi өндiрiстiк бизнес негiздерiне оқытуына, оларды қажеттi 
нормативтiк, әдiстемелiк материалдармен, анықтамалық және өзге де 
әдебиетпен қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдем жасап, көмектесетiн болсын. 
     6. Осы Жарлықтың атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 
     Қазақстан Республикасының
             Президентi