Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 5 наурыз N 3396

Қолданыстағы
      Қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2689 U952689_ Жарлығымен бекiтiлген Республикалық ұлан туралы ережеде:
      1) 3-тармақта "Республика Президентi Күзет қызметiнiң басшылығымен" сөздерi алынып тасталсын;
      2) 22 және 26-тармақтарда "Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасары - Қолбасшы Басқармасының бастығы" сөздерi тиiсiнше "Республикалық ұлан Қолбасшысы" сөздермен алмастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 2742 U962742_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы ереженiң 3-тармағында:
      1) 2) тармақша алынып тасталсын;
      2) 14) тармақшада "мен Республикалық ұланның" сөздерi алынып тасталсын.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақ күшін жойды - Қазақстан Республикасы Президентінің
               2000.05.12. N 392 жарлығымен. U000392_
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы және Республикалық ұлан Қолбасшысы лауазымдарын айыру бөлiгiнде "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы Заң күшi бар N 2483  

Z952483_

 
Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Заң жобасын Қазақстан
Республикасының Парламентiне енгiзетiн болсын.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi