Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы Ережеге өзгерту енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 24 ақпандағы N 3360

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 16-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
      1. "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығымен бекiтiлген Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы Ереженiң 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Шетелдiк және қазақстандық тауарларды Лисаков АЭА-ның аумағына әкелгенде кеден бажы мен салық алынбайды және экономикалық саясат шаралары қолданылмайды".
      2. Осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi