Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен .
Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының 20)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақта:
1) "Шәйкенов Нағашыбай Аманғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары" сөздерi "Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi" сөздерiмен алмастырылсын;
2) мына сөздер алынып тасталсын:
"Есмұқанов Ғазиз - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Көшi-қон департаментiнiң төрағасы
Самақова Айткүл Байғазықызы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық бөлiмiнiң меңгерушiсi";
3) мына сөздермен толықтырылсын:
"Белокуров Николай Васильевич - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi бөлiмiнiң меңгерушiсi Нұрмағамбетов Аманжол Мағзұмұлы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары";
4-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық бөлiмi" сөзi "Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Азаматтық және кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi бөлiмi" сөздерiмен алмастырылсын.