"Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 3344

Қолданыстағы
      Еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтау мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мемлекеттiк кепiлдiктердi iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 маусымдағы N 3036 U963036_ Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 27, 227-құжат) 2-тармағының 1-тармақшасы "егер заңда өзгеше көзделмеген болса" сөздерiнiң алдынан "еңбекақының, зейнетақылардың, жәрдемақылардың уақтылы төленуiн, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi төлемдердiң аударылу тәртiбiн сақтауды тексерулердi қоспағанда" сөздерiмен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
            Президентi