Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 14 қаңтар N 3329. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы  Конституциясының  44-бабының 3)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 

      1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi болып қайта құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын, кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттiк бiрыңғай кеден саясатын жүргiзетiн және осы мақсатта салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады деп белгiленсiн. 

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде: 
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi туралы ереженi бекiтсiн; 
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылымын, адам санын айқындап, оның қызметiн материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн; 
      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар енгiзсiн; 
      4) Республика Үкiметiнiң бұрын шыққан актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 410-құжат) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi".

      5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi