Қазақстан Республикасы
Конституциясының
44-бабының
8-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған Шетелде тұратын
отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы (қоса берiлiп отыр)
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiм iшiнде
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасын
жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтiлсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
N 3308 Жарлығымен
бекiтiлген
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк
БАҒДАРЛАМАСЫ
Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Үкiметi және басқа мемлекеттiк органдар Жалпыға бiрдей адам құқығы декларациясы мен өзге де жаппай танылған халықаралық құқық нормаларында бекiтiлген адам құқығы мен бас бостандығының басымдығын танып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, шетелде тұратын отандастарымыздың ұлттық-мәдени, рухани және тiлдiк қажеттерiн қанағаттандыру жөнiнде, тарихи отанына қайтып оралғандарды әлеуметтiк-экономикалық қолдауды қамтамасыз ету жөнiнде белгiлi бiр жұмыстар атқаруда.
Қазiр алыс және жақын шетелдердегi қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бiр бөлiгiн, немесе 4,3 млн. адамды құрайды. Олардың көпшiлiк бөлiгi, кеңестiк кезеңдегi революциялық және азамат соғыстары, зорлап ұжымдастыру, ашаршылық, жаппай құғын-сүргiн салдарынан өздерiнiң тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды. КСРО тарағаннан кейiн жақын шетелдердегi (ТМД) қазақтар диаспораға айналды.
Аталған елдердегi диаспоралардың мәдени және әлеуметтiк-экономикалық өркендеу деңгейi бiр-бiрiне мүлдем ұқсамайды. Қазақ диаспорасы проблемаларын кешендi зерттеу және шешу, ғылыми-зерттеулер мен практикалық шаралардың бiрлiгi және өзара байланысына әлi де жете мән берiлмей отыр.
Шетелдегi отандастармен жұмысты жан-жақты жетiлдiру, оны тек ұдайы және мақсатты мемлекеттiк қолдау жағдайында ғана жүзеге асыру мүмкiн болады. Қазақ диаспорасының әлеуметтiк-экономикалық, мәдени, бiлiм алу сұраныстарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн, тарихи отанына қайта оралғылары келетiндерге мүмкiндiк туғызатын ойластырылған шаралардың жүйесiн жасау қажет.
Шетелде тұратын отандастармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру тетiгiнде негiзгi құжат болып табылатын Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасына нақ, осы мақсаттар негiз болып отыр.
Бағдарлама кешендi iс-шараларды қамтиды және негiзгi алты бөлiмнен тұрады: ғылыми қамтамасыз ету; нормативтiк-құқықтық негiз; бiлiм беру; мәдениет, туризм және спорт; кiтап шығару және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi; ұйымдастыру шаралары.
Ғылыми қамтамасыз ету саласында шетелдегi отандастардың тыныс-тiршiлiгi мен дiлiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына, олардың құқықтық хал-ахуалына, демографиялық, көшi-қон процестерiне зерттеулер жүргiзу, қазақ диаспорасының жай-күйi туралы ғылыми-ақпараттық база қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу және беру көзделген.
Шетелдегi отандастарды әлеуметтiк, құқықтық қорғау және қолдау саласындағы басты мақсат олардың проблемаларына қатысты мемлекеттiк саясатты қалыптастыру болып табылады. Құқықтық мәселелердi реттеу және оларды бiр жүйеге келтiру, қазақ диаспорасымен байланысты қалпына келтiру және жүзеге асыру шет мемлекеттердiң конституциялары мен заңдарына, халықаралық құқық нормаларына негiзделген.
Бұл мiндеттердi шешу негiздерi Қазақ ССР-iнiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларацияда, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Конституциялық заңда, "Көшi-қон туралы" Заңда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы жасалған шарттар мен келiсiмдерде жасалған.
Шетелдегi отандастарды қолдау мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шығыстар 1997 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған бюджеттерде көзделген жалпы қаржыландыру шегiнде жүзеге асырылады.
___________________________________________________________________
N | Бағдарламалық шаралар | Құжат нысаны
р/с| |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
I. ҒЫЛЫМИ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазақ диаспорасы: проблемалар мен
перспективалар
1 Қазақ диаспорасының тарихи даму және мемлекет органдарына
тұратын жерлерiндегi ұсыныстар мен
әлеуметтiк-экономикалық, саяси және баяндамалар, ғылыми
мәдени өмiрiндегi болып жатқан үрдiстер еңбектер
тұрғысында этнодемографиялық және
этномәдени зерттеулер жүргiзу
2 Нарықтық қайта құрулар тұрғысынан -"-
түбегейлi жаңару процестерiнiң әлеуметтiк
құрылымын талдау
3 Қазақ диаспораларының этнопсихологиялық -"-
қалыптасу аспектiлерi мен ұлттық
сана-сезiмiнiң дамуын, кеңестiк кезеңнен
кейiнгi жаңа геосаяси кеңiстiктегi
әлеуметтiк-адамгершiлiк өзiн-өзi
сәйкестендiру ерекшелiктерiн зерделеу
4 Қазақ диаспорасының, әсiресе жас -"-
ұрпақтарының тұрған елдерiнде де, сондай-ақ
тарихи отанында да нарықтық реформалардың
iлгерiлеуi жағдайындағы одан әрi
әлеуметтiк-мәдени дамуын қалыптастыру
5 Қазақ диаспорасының тұрғылықты елдерiнiң мемлекет органдарына
даму серпiнi тұрғысынан ұсыныстар мен
әлеуметтiк-демографиялық талдау жасау баяндамалар, ғылыми
еңбектер
6 Қандай да бiр елдiң жалпы өркендеуi мемлекет органдарына
тұрғысында қазақ диаспорасының ұсыныстар мен
тыныс-тiршiгiнiң одан әрi даму бағыттары баяндамалар, ғылыми
мен перспективаларын айқындау еңбектер
7 Қазақтардың қазiргi жағдайдағы -"-
әлеуметтiк-адамгершiлiк көңiл-күйiн,
олардың, әсiресе жас ұрпақтың Қазақстан
жағдайында әлеуметтi мүмкiндiктерiн
жүзеге асыру перспективаларын, тарихи
отанында капиталды, инвестицияларды
орналастыру мүмкiндiктерiн, жастардың
қазiргi заманғы өндiрiс технологиясын
және нарық экономиканы оқып-үйренуiн
зерделеу
8 Қазақ диаспорасы проблемаларын зерделеу -"-
жөнiнде уақытша шығармашылық ұжым құру
9. Шетелдерден Қазақстан Республикасына жарлық, қаулылар
көшкiсi келетiн және көшiп келген және басқа
адамдарға азаматтық алу, жұмысқа құқықтық актiлер|
орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету,
бiлiм беру, бейiмделу кезеңiнде
материалдық көмек және белгiлi бiр
жеңiлдiктер жасау, оларға жеке меншiк
және басқа мәселелерде Қазақстан
Республикасы заңдарында көзделген
құқықтар беру мәселелерi бойынша
жан-жақты көмек көрсетуге кепiлдiк
беретiн тиiстi құқық актiлерi мен
шешiмдер қабылдау
10 Отандастардың тұрған елдерiнде бейiмдеуi
үшiн жағдай жасау және Қазақстан
Республикасымен экономикалық және мәдени
байланыс жасап тұрулары мақсатында
отандастарға жәрдемдесу туралы Қазақстан
Республикасы Президентi Жарлығының
жобасын әзiрлеу
11 Халықаралық келiсiмдер мен уағдаластықтарға
сәйкес алыс және жақын шетелдерден
қазақтардың қоныс аударуы жөнiндегi
практикалық мәселелердi жедел шешу
Осы мақсатта:
Ұлты қазақ адамдарды Монғолия келiсiм жобасы
азаматтығынан шығарудың оңайлатылған
тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Монғолия Үкiметiнiң
арасындағы келiсiмнiң жобасын әзiрлеу
(1994 жылғы 31 қарашадағы Ерiктi түрде
қоныс аудару және Қазақстан Республикасына
еңбек шарттары бойынша келген адамдардың
азаматтығы мәселелерiн реттеу туралы
шартқа қосымша)
Монғолия азаматтары - ұлты қазақ келiсiм жобасы
адамдарының шекарадан транзитпен бөгетсiз
өтулерi туралы ұшжақты (Қазақстан, Ресей,
Монғолия) келiсiмнiң жобасын әзiрлеу
(Қазақстан мен Монғолияның ортақ шекарасы
және Ресей мен Монғолия арасындағы
келiсiмдер бойынша жол жүрудiң визалық
тәртiбi болмағандықтан)
ТМД елдерiмен екiжақты деңгейде де, Бұл да сол
сондай-ақ Достастықтың шеңберiнде де
Азаматтық алудың оңайлатылған тәртiбi
туралы келiсiмдердiң жобалары жөнiндегi
жұмысты жалғастыру
Иран мен Ауғанстанда қалған қазақ Президенттiң "Көшiп
отбасыларын көшiрiп әкелу жөнiндегi келу квотасы туралы"
жұмысты одан әрi жалғастыру өкiмi
12 Қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң Қазақстан Президенттiң "Көшiп
Республикасына келу мәселелерiнiң келу квотасы туралы"
ұйымдық-кадрлық шешiлуi: өкiмi
тарихи отанына көшiп келуге тiлек
бiлдiрген ұлты қазақ адамдарының санын
анықтау
Мыналар әзiрленсiн:
"Қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң Қазақстан нұсқаулық
Республикасына тұрақты тұруға көшiп келуi
туралы өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы"
нұсқаулық жобасы
"Қазақстан Республикасында шетел Қазақстан
азаматтарының қоныстануға арналған Республикасы Үкiметi
ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ қаулысының жобасы
адамдардың куәлiктерi үлгiлерiн бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметi
қаулысының жобасы
Қазақстан Республикасында шетел Үкiмет шешiмi
азаматтарының қоныстануға арналған
ықтиярхат бланкiлерi мен азаматтығы жоқ
адамдардың куәлiктерiн дайындау
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру -"-
үшiн келген қазақ диаспорасы адамдарын
уақтылы құжаттандыру үшiн Қазақстан
Республикасы Iшкiiсминiнiң Паспорт және
виза жұмыстары басқармасында азаматтық
бөлiм және облыстардың IIБ-нiң
паспорт-виза бөлiмшелерiнде екi штат
бiрлiгiнен тұратын азаматтық туралы топ
құру
шыққан елiнен келiп орналасқан жерiне министрлiктер мен
дейiн қоныс аударушылардың отбасы өзге де орталық және
мүшелерi мен олардың мүлiктерiн жергiлiктi атқарушы
тасымалдауға жәрдемдесу органдардың
бұйрықтары,
тарихи отанына келген қазақтарды қаулылары, шешiмдерi
орналастыру және жайғастыру, оқыту және
қайта оқыту жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыруға жәрдемдесу
көшiп келген отандастардың әскери қызмет министрлiктер мен
өткеру мәселелерiн пысықтау өзге де орталық
және жергiлiктi
тарихи отанына келген қазақ диаспорасы атқарушы органдардың
отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелерiн бұйрықтары,
әлеуметтiк қорғау қаулылары, шешiмдерi
13 Қазақ диаспорасын қолдау жөнiндегi -"-
құқықтық актiлер, халықаралық шарттар
мен келiсiмдер жобаларына құқықтық
сараптама жүргiзу
III. БIЛIМ БЕРУ
Оқу орындарына қабылдау
14 Жыл сайын жоғары оқу орындарына және "Алыс шетелдерден
олардың даярлық бөлiмдерiне, сондай-ақ келген қазақ
аспирантураларға қабылдау жоспарын диаспорасы өкiлдерiн
қалыптастыру кезiнде қазақ диаспорасы Қазақстан
үшiн квота қарастыру Республикасының
жоғары оқу орындарына
жоспардан тыс
қабылдауға квота
белгiлеу туралы"
үкiмет қаулысы
15 Қазақ диаспорасы өкiлдерiн Қазақстан қазақ диаспорасы
Республикасының оқу орындарында оқыту өкiлдерiн Қазақстан
үшiн iрiктеу және жiберу тәртiптерiн, Республикасының оқу
шарттарын бекiту орындарында оқуға
iрiктеу және жiберу
тәртiбi, шарттары
туралы ереже
16 Қазақ диаспорасының дарынды балаларын Қазақстан
әртүрлi үлгiдегi интернаттарға (гимназия, Республикасы мен
лицей, колледж т.б.) iрiктеу және оқыту: балаларын жiберетiн
физика-техникалық; елдердiң бiлiм
тiл және әдебиет; министрлiктерiнiң
эстетикалық және т.б. бейiмде арасындағы келiсiмдер
17 Қазақ диаспорасының жетiм балаларын Қазақстан
балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарға Республикасы мен
қабылдауды практикалау және оларды балаларын жiберетiн
ұстауға, оқытуға және тәрбиелеуге елдердiң бiлiм
жағдай жасау министрлiктерiнiң
арасындағы келiсiмдер
18 Бiлiм министрлiгi құрылымынан қазақ Қазақстан
диаспорасы проблемалары жөнiнде бөлiм Республикасы Бiлiм
құру министрлiгiнiң шешiмi
19 Қазақ диаспорасына бiлiм беру саласында ұсыныстар,
жәрдемдесу мәселелерi бойынша Ресей нұсқаулықтар
Федерациясының шекаралас облыстарымен
ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу
20 "Таяу шетелдердегi қазақ мектептерi Бiлiм
басшылары мен мұғалiмдерi үшiн мектеп министрлiктерiнiң
реформасы және ғылым негiздерiне арасындағы
үйретудiң сапасын жақсарту жолдары" келiсiмдер
проблемалары бойынша көшпелi
оқу-әдiстемелiк семинарлар өткiзу
21 Қазақ тiлi мен әдебиетi, музыка, жағрапия -"-
сабақтарында оқушылардың өзара адамгершiлiк
қарым-қатынастарын, шығармашылық қызметiн
қалыптастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибесiн
алмасу. Осы мақсатта: қазақ диаспорасы
өкiлдерiн республиканың атаулы
мектептерiне сабаққа шақыру; атаулы мектеп
басшыларын шетелдерге жiберудi ұйымдастыру
22 Алыс және таяу шетелдердегi қазақ Бұл да сол
мектептерi оқушыларының жетекшi пәндер
бойынша Қазақстан Республикасы мектеп
оқушыларының қатысуы
Кадрлармен жұмыс
23 Таяу және алыс шетелдердегi қазақ тiлi Бiлiм
пәнi мұғалiмдерiн мына мәселелер бойынша министрлiктерiнiң
қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру арасындағы
курстарын ұйымдастыру: келiсiмдер
көп салалы қазақ мектебiнiң қалыптасуы
және даму тенденциясы;
жалпы бiлiм берудiң базалық мазмұны;
бiлiм берудi саралаудың теориялық және
әдiстемелiк негiздерi
24 ТМД елдерiндегi мектеп жасына дейiнгi -"-
қазақ мекемелерi мен топтары
педагогтарын қайта даярлау және
бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру
25 Алыс және таяу шетелдердегi қазақ -"-
мектептерiн оқулықтармен және
оқу-әдiстемелiк құралдармен,
нормативтiк-нұсқама материалдармен
қамтамасыз етуге көмек көрсету
26 ТМД елдерiнде жұмыс iстейтiн мектеп -"-
жасына дейiнгi қазақ мекемелерi мен
топтарын бағдарламалық-әдiстемелiк
қамтамасыз етудi ұйымдастыру
(бағдарламалық-әдiстемелiк әдебиеттер
тiзбесi бойынша)
IV. МӘДЕНИЕТ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ
27 Жетекшi шығармашылық ұжымдар мен өнер Мәдениет
қайраткерлерi шеберханаларында тәжiрибе министрлiктерiнiң
алмасуды ұйымдастыру арасындағы
келiсiмдер
28 Шетелдердiң мәдениет министрлiктерiмен шарттар
мәдени алмасулар жөнiнде (концерттер, жобалары
фестивальдар, экскурсиялар, көрмелер
және т.б. ұйымдастыру) шарттар жасасу
29 Қазақ диаспорасын өнер жөнiндегi арнайы Мәдениет
басылымдармен, ұлттық музыкалық министрлiктерiнiң
аспаптармен және басқа да мәдени-тұрмыстық арасындағы
мақсаттағы заттармен қамтамасыз етуге келiсiмдер
практикалық көмек көрсету
30. Қазақ әдебиетi мен Мәдениетiнiң күндерi -"-
мен апталықтарын өткiзу
31 Жастар үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн жазғы Қазақстан
тiл лагерiн ұйымдастыру Республикасы Үкiметi
қаулысының жобасы
32 Қазақ диаспорасы өкiлдерiнiң Халықаралық халықаралық жастар
жастар арасындағы алмасулар бағдарламасына арасындағы алмасулар
қатысуы бағдарламасының
жобасы
33 Қазақ диаспорасы өкiлдерi iшiнен жылына -"-
500 адамға дейiн туристер қабылдау
V. КIТАП ШЫҒАРУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРI
34 Қазақ диаспорасы үшiн әдебиеттiң 8-10 баспалар
бойынша басылымдар шығарудың жыл сайынғы бағдарламалары
мақсатты баспа бағдарламасының
құрылымдары мен негiзгi бөлiмдерiн
әзiрлеу: оқулықтар, оқу-педагогикалық,
балалар мен жасөспiрiмдер,
анықтамалық-энциклопедиялық, көркем,
ғылыми әдебиеттер, т.б.
35 Таяу және алыс шетелдерге баспа өнiмдерiн
жеткiзу және сату:
оқыту-тәрбиелеу мекемелерiнiң, тиiстi
кiтапханалардың, Дүниежүзi қазақтары мемлекеттердiң
қауымдастығының шетелдегi бөлiмшелерiнiң, мемлекеттiк
қазақ мәдени орталықтары мен "Қазақ тiлi" органдары
қоғамдарының, қазақ тiлiн оқып - үйрету арасындағы
жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн шарттар мен
курстардың қажеттерiн қанағаттандыру келiсiмдер
үшiн оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк
құралдармен, нормативтiк-нұсқаулық
материалдармен және басқа да арнаулы
басылымдармен қамтамасыз ету
қазақ тiлiндегi мерзiмдi басылымдарды
жеткiзу көлемiн ұлғайту
Республикалық баспалардың өнiмдерiн таяу Кiтап саудасы
және алыс шетелдерге сатуды ұйымдастыру ұйымдарының
үшiн "Халықаралық кiтап" қоғамымен шарттары мен
қаржы-коммерциялық шарттарды жолға қою сауда келiсiмдерi
таяу және алыс шетелдерге қазақ тiлiндегi тиiстi
баспа өнiмдерiн сату жөнiндегi арнаулы мемлекеттердiң
кiтап дүкендерiн орналастыру және ашу баспа iстерi
жөнiндегi органдары
арасындағы келiсiмдер
36 Қазақ диаспорасы тұратын елдер мен шетелдермен
аймақтарға радиохабарларын тұрақты келiсiмдер
түрде таратуды ұйымдастыру
37 Шығармашылық интеллигенциялармен арнайы теледидар мен
тақырыптық хабарлар мен радиокөпiрлер радионың арнаулы
жүргiзу редакцияларының
жұмыс жоспары
38 ТМД елдерiнiң баспаханаларына (қазақ ТМД елдерi
шрифтерi мен полиграфиялық материалдармен баспаханаларымен
және т.б.) практикалық-көмек көрсету келiсiмдер
39 Шетелдерде тұратын отандастар iстерi
жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге
асыруға бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ұлттық саясат жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн
40 Шетелдегi отандастармен жүргiзiлетiн
шараларға Сыртқы iстер министрлiгiнiң
шетелдердегi мекемелерiнiң қатысуы,
бұл үшiн:
1) Қазақстан Республикасының таяу және Қазақстан
алыс шетелдердегi дипломатиялық Республикасы
өкiлдiктерi арқылы олар тығыз орналасқан Үкiметiнiң
жерлерге бару, жұмыс iстейтiн қоғамдық шешiмi
ұйымдар туралы деректер жинау және
туындаған проблемаларды шешу жөнiнде
тиiстi құжаттар әзiрлеу жолымен
отандастармен тұрақты байланыс орнатуды
жолға қою
2) Қазақ мәдениетi мен әдет-ғұрыптарын, министрлiктердiң
қазақ тiлi мен әдебиетiн насихаттау, арасындағы
кездесулер мен мерекелер өткiзу ошағы келiсiмдер
ретiнде мәдени орталықтар ашу
41 Қазақ диаспорасынан шыққан бизнес нұсқаулық хат
өкiлдерiмен сауда-экономикалық байланыстың
дамуына жан-жақты жәрдемдесу, бұл үшiн:
Қазақстан Республикасының кәсiпкерлерi Қазақстан
мен мемлекеттiк құрылымдары және Республикасы
отандастардың экономикалық құрылымдары Үкiметiнiң
негiзiнде бiрлескен кәсiпорындар шешiмi
(акционерлiк қоғамдар, ассоциациялар,
бiрлескен кәсiпорындар) құруға жәрдемдесу
_________________________________________________________________
Орындалу мерзiмi | Орындаушылар
_________________________________________________________________
4 | 5
_________________________________________________________________
1997-1998 жылдар Ғылымминi-Ғылым академиясы,
Философия институты
-"- -"-
-"- -"-
-"- -"-
1997-1999 жылдар Ғылымминi-Ғылым академиясы,
Философия институты
1997-1999 жылдар Ғылымминi-Ғылым академиясы,
Философия институты
-"- -"-
-"- Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы,
Ғылымминi-Ғылым академиясы
1997-1998 жылдар Әдiлетминi, Еңбек және
әлеуметминi, облыстар мен Алматы
қаласының әкiмдерi
1997 жыл Сыртқыiсминi, Ұлтмемкомы,
Әдiлетминi
1997 жыл Сыртқыiсминi, Әдiлетминi, Еңбек
және әлеуметминi, Iшкiiсминi
облыстар мен Алматы қаласының
әкiмдерi
1997 жыл Сыртқыiсминi, Әдiлетминi, Еңбек
және әлеуметминi,
Бұл да сол Сыртқыiсминi
1997-1999 жылдар Сыртқыiсминi, Еңбек және
әлеуметминi, Iшкiiсминi, ҰҚҚ,
Кеден комитетi
жыл сайын Еңбек және әлеуметминi, Сыртқыiсминi
1997 жыл Еңбек және әлеуметминi,Сыртқыiсминi,
Iшкiiсминi, ҰҚҚ
1997 жыл Iшкiiсминi, Қаржыминi, ҰҚҚ
Сыртқыiсминi, Әдiлетминi
1997 жыл Iшкiiсминi, Ұлттықбанк, Қаржыминi
1997-1998 жылдар Қаржыминi, Iшкiiсминi, облыстар
мен Алматы қаласының әкiмдерi
жыл сайын Еңбек және әлеуметминi, Сыртқыiсминi
Iшкiiсминi, ҰҚҚ Кеден комитетi
1997-2000 жылдар Еңбек және әлеуметминi, Бiлiмминi,
Ауылшарминi, облыстардың әкiмдерi
1997-2001 жылдар Қорғанысминi
тұрақты түрде Еңбек және әлеуметминi
-"- Әдiлетминi, Сыртқыiсминi
Жыл сайын Бiлiмминi
1997 жыл Бiлiмминi
1997 жыл Бұл да сол
жыл сайын -"-
1997 жыл -"-
Бұл да сол Бұл да сол
тұрақты түрде -"-
1997-1998 жылдар -"-
Жыл сайын -"-
1997-1999 жылдар Бiлiмминi
тұрақты түрде -"-
-"- -"-
жыл сайын -"-
-"- Мәдениетминi
1997-1998 жылдар -"-
жыл сайын Мәдениетминi
-"- Мәдениетминi, Қазақстан
Жазушылар одағы
1997 жыл Жастурспортминi
1997 жыл Жастурспортминi
жыл сайын -"-
1997-2001 жылдар Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк,
Бiлiмминi, Мәдениетминi
жыл сайын Ұлтмемкомы, Баспасөз және
бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi
ұлттық агенттiк, "Қазақ кiтап" МК,
Бiлiмминi, Мәдениетминi
жыл сайын "Қазбаспасөз"
жыл сайын "Қазақ кiтап" МК
1997-2001 жылдар Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк,
"Қазақ кiтап МК"
1997-2001 жылдар "Қазақстан теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясы,
Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк
жыл сайын "Қазақстан теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясы
жыл сайын Баспасөз және бұқаралық ақпарат
iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк,
"Қазақ кiтап" МК
Ұлтмемкомы
1997 жыл Қазақстан Республикасының таяу
және алыс шетелдердегi елшiлiктер
1997-2001 жылдар Қазақстан Республикасының
елшiлiктерi
тұрақты түрде Өнеркәсiпсаудаминi, Сыртқыiсминi,
Қазақстан Республикасының
елшiлiктерi
1997 жыл Экономминi, Еңбек және әлеуметминi,
Меммүлiккомы