Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының 3)-тармақшасына сәйкес және мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын үнемдеу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Мыналар таратылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне берiлсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне берiлсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне берiлсiн;
      4) Қазақстан Республикасының Архивтер және құжаттама бас басқармасы, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк архивiне берiлсiн;
      5) Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн.
      6) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне берiлсiн;
      7) Қазақстан Республикасының Геодезия және картография бас басқармасы, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн;
      8) Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi, оның функциялары, мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi болып қайта ұйымдастырылсын.
      3. 1997 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi құрылсын, оған таратылғалы отырған Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мүлiгi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктерi берiлсiн.
      4. 1997 жылғы 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталары, Қазақстан Республикасы Үкiметi, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң және басқа министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың штат саны орта есеппен 20 процент, ал жергiлiктi өкiлдi органдардың аппараттарында, соттарда, жергiлiктi атқарушы органдар мен прокуратура органдарында - 10 процент қысқартылсын.
      5. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары штат санының қысқаруына байланысты босатылған қызметкерлерге қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтемақылар берiледi, деп белгiленсiн.
      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2542 Жарлығының 1-тармағынан "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi", "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерi алынып тасталсын.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерiнiң санын қысқартуды қамтамасыз етсiн;
      2) осы Жарлыққа сәйкес жаңадан құрылған, қайта ұйымдастырылған орталық атқарушы органдар туралы ережелердi бекiтетiн болсын;
      3) мемлекеттiк органдарды ұстауға мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз етсiн;
      4) 1997 жылға арналған республикалық бюджеттi әзiрлеген кезде мемлекеттiк органдар саны мен оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың қысқаруын ескеретiн болсын;
      5) қолданылып жүрген заңдарды осы Жарлыққа сәйкес келтiру

жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi мен
Парламентiнiң қарауына енгiзетiн болсын;
     6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын жарияланған
актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
     8. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi