Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн кiшi командалық құрамның кадрларын даярлау мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кадет корпусы құрылсын.
2. Былай деп белгiленсiн:
1) Кадет корпусы оқушыларының жалпы санын 360 адам құрайды;
2) Кадет корпусының орналасатын жерi Көкшетау облысының Щучинск қаласы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Кадет корпусы туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
2) Кадет корпусын орналастыру, материалдық-техникалық және
қаржылық қамтамасыз ету мәселелерiн 1996 жылға арналған республикалық бюджетте қорғаныс үшiн көзделген қаражат шегiнде шешсiн;
3) Кадет корпусында оқу процесiнiң 1996 жылғы 1 қыркүйектен басталуын қамтамасыз етсiн;
4) Кадет корпусы кешенiнiң объектiлерiн салуға кiрiсетiн болсын;
5) Кадет корпусының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қолдансын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi