Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Жоғары экономикалық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 11 сәуiр N 2946. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.11.03. N 3723 жарлығымен. ~U973723

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Жоғары экономикалық кеңес құрылсын (бұдан былай - Жоғары экономикалық кеңес).
      2. Былай деп белгiленсiн:
      1) Жоғары экономикалық кеңес консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады;
      2) Жоғары экономикалық кеңестi Төраға - Қазақстан Республикасының Президентi басқарады;
      3) Жоғары экономикалық кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды;
      4) Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары болады;
      5) Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары материалдық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарына теңестiрiледi;
      6) Жоғары экономикалық кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi оның Хатшылығы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесi жүзеге асырады.
      3. Жоғары экономикалық кеңестiң мiндеттерi:
      1) стратегиялық сипаты бар проблемаларды шешу жөнiнде ұсыныстар даярлау;
      2) Мемлекет басшысы үшiн экономиканың, оның негiзгi салалары мен секторларының жай-күйi жөнiнде баяндамалар мен талдау материалдарын даярлау;
      3) мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының негiзгi бағыттары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      4) шет елдерде, соның iшiнде өтпелi экономикасы бар елдерде,

экономикалық реформаларды жүзеге асыру тәжiрибесiн зерделеу және оны
Қазақстанда қолдану жөнiнде ұсыныстар даярлау;
     5) мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде
ұсыныстар даярлау;
     6) Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын өзге де
мiндеттер болып табылады деп белгiленсiн.
     4. Жоғары экономикалық кеңес Төрағасының орынбасары осы Жарлық
күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы
Президентiнiң қарауына:
     1) Жоғары экономикалық кеңестiң дербес құрамы жөнiнде ұсыныс;
     2) Жоғары экономикалық кеңес туралы ереженiң жобасын;
     3) Жоғары экономикалық кеңес Хатшылығының құрылымы мен штат
саны жайында ұсыныс енгiзетiн болсын.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
        Президентi