Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1996 жылғы 28 наурыздағы N 2920

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1997.04.01.N 3436 жарлығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын тұрғын үймен, көлiкпен және өзге де қамтамасыз ету, оған медициналық қызмет көрсету және санаторлық-курорттық емдеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары деңгейiнде, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң мүшелерiне - Қазақстан Республикасының министрi деңгейiнде жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен оның Аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен оның Аппаратын қызмет үй-жайымен, тиiстi жабдықпен, техникамен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

         Президентi