Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 26 наурыз N 2918. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.04.21. N 378 жарлығымен. ~U000378

Күшін жойған
      Қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 U952600_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 436-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлiп, ол мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы
                          ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (бұдан былай - Iс Басқармасы) Қазақстан Республикасының Президентiне - тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Iс Басқармасы өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Президентiнiң актiлерiн, Республиканың өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Iс Басқармасы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, банктерде және банк емес қаржы мекемелерiнде шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi орыс және қазақ тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi, басқа да мөрлерi мен мөртабандары болады.
      Iс Басқармасының құрылымын құрылымдық бөлiмшелер мен дербес қызметтерден тұратын оның орталық аппараты, сондай-ақ ведомстволық қарасты бөлiмшелерi - Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медицина орталығы құрайды. Iс Басқармасы өзiне ведомстволық қарасты бөлiмшелермен бiрге тiке бағыныстылық схемасы бар бiртұтас құрылым құрайды. <*>
      Iс Басқармасына ведомстволық қарасты бөлiмшелер заңды тұлғалар болып табылады әрi өз қызметтерiн осы бөлiмшелер туралы ережелер белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
      Iс Басқармасы республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталады.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1998.08.31. N 4034
               Жарлығымен. U984034_

      4. Iс Басқармасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қызметiн қамтамасыз етудi, сондай-ақ Парламент Сенатының Төрағасына, Премьер-Министрге, Мемлекеттiк Хатшыға, Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына, Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына, Премьер-Министрдiң орынбасарларына, Ұлттық Банктiң, Конституциялық Кеңестiң, Жоғарғы Соттың Төрағаларына, Бас Прокурорға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Орталық сайлау комиссиясының төрағаларына, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiктiң төрағаларына, Үкiмет мүшелерiне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкiмдерiне, Парламент депутаттарына, Конституциялық Кеңес пен Орталық сайлау комиссиясының мүшелерiне, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Парламент Палаталары, Үкiмет, Конституциялық Кеңес аппараттарының қызметкерлерiне, сондай-ақ Республика Президентiнiң келiсiмiмен басқа да мемлекеттiк органдардың (бұдан былай - қызмет көрсетiлетiн органдар) басшыларына шаруашылық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етедi.
      5. Iс Басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар:
      қызмет көрсетiлетiн органдардың жұмысын қаржы, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының төрағалары өткiзетiн кеңестердi, конференцияларды және басқа арнаулы iс-шараларын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамту және қызмет көрсету;
      ресми iс-шаралар мен делегацияларға, соның iшiнде шетел делегацияларына қызмет көрсету;
      Iс Басқармасына ведомстволық қарасты ұйымдардың балансында тұрған негiзгi қорлардың (Үкiмет резиденцияларының, мемлекеттiк саяжайлардың, қонақ үйлердiң, өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы объектiлерi мен басқа да ғимараттардың) пайдаланылуын қамтамасыз ету және оларды жаңарту мен жөндеу;
      Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары, Үкiметi және Конституциялық Кеңесi аппараттарының қызметкерлерiнiң ведомстволық қарасты санаторийлерi мен демалыс үйлерiнде тынығуы үшiн лайықты жағдайлар туғызу;
      ауыл шаруашылық өнiмдерiн (егiншiлiк, мал шаруашылығы мен бау-бақша шаруашылығы өнiмдерiн) өндiрудi, ұқсату мен өткiзудi қамтамасыз ету;
      тұрғын үй және әлеуметтiк саланың басқа да объектiлерiн, өндiрiстiк ғимараттар мен үй-жайлар құрылысын ұйымдастыру;
      бекiтiлiп берiлген аумақтар мен жерлерде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сақталуы мен қалпына келтiрiлуiн қамтамасыз ету;
      Қазақстанға келетiн шетел азаматтарына қызмет көрсетiлуiн ұйымдастыру;
      ведомстволық қарасты мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен сауықтыру лагерiнiң қызметiн ұйымдастыру.
      6. Iс Басқармасы өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      қызмет көрсетiлетiн органдардың қызметi үшiн қажеттi жағдайлар туғызу мақсатында ведомстволық қарасты ұйымдардың жұмысына басшылық жасауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
      республикалық бюджет қаражаты есебiнен шығыстар сметаларының жобаларын әзiрлейдi, осы қаражатты қызмет көрсетiлетiн органдар, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдар бойынша жұмсау лимиттерiн анықтайды, осы шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады;
      белгiленген тәртiппен қызмет көрсетiлетiн органдарды автокөлiкпен қамтамасыз етедi және оны жөндеудi ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiппен қызмет көрсетiлетiн органдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiне медициналық, дене мәдениетi-сауықтыру және әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерiн шешедi, емдеу мекемелерiнiң, шипажайлардың саяжай шаруашылығының, балалар мекемелерiнiң жұмысын қамтамасыз етедi және олардағы орындарды бөледi;
      ведомстволық қарасты ұйымдар көрсететiн қызметтерге баға белгiлеу жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
      күрделi құрылыстың, күрделi жөндеудiң ағымдық және перспективалық бағдарламалары мен жоба-сметалық құжаттамасын жасап, бекiтедi, ведомстволық қарасты ұйымдардың объектiлерiн салуды, жаңартуды және жөндеудi ұйымдастырады, тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыстық және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi жобалауды және салуды қамтамасыз етедi;
      ведомстволық қарасты ұйымдардың материалдарға, жабдықтарға, машиналарға, механизмдерге қажеттiгiн қарастырады және анықтайды, салынып жатқан объектiлердi материалдық-техникалық жабдықтау мен жасақтауды ұйымдастырады, материалдық ресурстары қайта бөлудi жүзеге асырады;
      өзiнiң, сондай-ақ ведомстволық қарасты бөлiмшелердiң қарауындағы объектiлердi жаңарту және салу үшiн инвесторларды тартады;
      өз қызметiнiң нәтижелерiне есеп жүргiзедi, жедел, бухгалтерлiк және статистикалық есептi жүзеге асырады, ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметiн, бухгалтерлiк есепке алумен қаржылық есеп берудiң жай-күйiн бақылайды;
      бухгалтерлiк есепке алудың тиiмдi ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне шығыстар сметасын орындау жөнiнде жиынтық бухгалтерлiк баланстар мен қаржылық есептердi, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардың жиынтық бухгалтерлiк баланстары мен есептерiн табыс етедi;
      ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметiне тексерулер мен құжаттамалық тексерiстердi жүргiзедi;
      тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға Iс Басқармасының қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шартпен заңды және жеке тұлғалардан қажеттi мүлiктi сатып алады;
      ведомстволық қарасты ұйымдардың пайдасынан аударымдар жасау есебiнен резервтiк қор және өзге де қорлар құрады, олардың қаражаты ведомстволық қарасты ұйымдарға қаржылық көмек көрсетуге, Iс Басқармасының балалар мекемелерiнiң қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi iс-шараларға, ведомстволық қарасты ұйымдарда енгiзiлетiн алдыңғы қатарлы iс-шараларды қаржыландыруға, оларды дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, Iс Басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметкерлерiн материалдық жағынан көтермелеуге, сондай-ақ басқа да мақсаттарға бағытталады;
      уақытша бос ақша қаражатын (соның iшiнде валюта) банктер мен басқа да банктiк емес қаржы мекемелерiнде депозиттiк шоттарда сақтайды;
      ведомстволық қарасты ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстардың (қызметтердiң) орындалу тәртiбiн анықтайды, жасасылған шарттардың орындалуын бақылайды;
      қызметкерлер үшiн тиiстi тұрмыстық жағдайлар жасау және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзедi;
      ведомстволық қарасты ұйымдарда еңбек туралы заңдардың, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң сақталуын, ұжымдық шарттардың уақтылы жасасылуы мен олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      негiзгi қорлар мен өндiрiстiк қуаттарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында сыртқы экономикалық және коммерциялық қызметтi жүзеге асырады, қазақстандық және шетелдiк тұлғалармен бiрлескен кәсiпорындар құрады;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi мен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi және Конституциялық Кеңесi аппараттарының қызметкерлерiн тұрғын алаңмен қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi және пәтер алуға арналған құжаттарды ресiмдейдi.
      7. Iс Басқармасының өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде:
      өзiнде бар қаражатты үлестiк қатысу тәртiбiмен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы күрделi салымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен басқа тұлғалармен бiрлесiп, шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға бағыттауға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен өзiне ведомстволық қарасты ұйымдарды қайта құруды және таратуды жүзеге асыруға, оларға бекiтiлiп берiлген мүлiктi алып қою немесе қайта бөлу жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
      ведомстволық қарасты ұйымдарды құру кезiнде мемлекет атынан құрылтайшы болуға;
      заңдарда көзделген реттерде ведомстволық қарасты ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтi iске асыруға рұқсат беруге;
      ведомстволық қарасты ұйымдарға бекiтiлiп берiлген, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзге де тұлғаларға берiлген республика мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуы мен сақталуын бақылауға құқығы бар.
      8. Iс Басқармасының мүлкi мен қаражаты орталық аппараттың балансында және ведомстволық қарасты бөлiмшелердiң балансында көрiнiс табады, орталық аппарат пен ведомстволық қарасты бөлiмшелерге бекiтiлiп берiлген негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ олардың қызметiнiң нәтижесiнде құрылған қорлардан тұрады.
      9. Iс Басқармасы ақша қаражатының негiзгi көздерi мыналар:
      республикалық бюджеттен алынатын қаражат;
      ведомстволық қарасты ұйымдардың пайдасынан резервтiк қорға аударымдар;
      санаторийлерге, демалыс үйлерiне жолдамаларды сатудан, саяжайлар мен өзге де мүлiктi жалға беру төлемдерiнен алынатын түсiм;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел делегацияларына қызмет көрсетуден, заңды және жеке тұлғаларға көрсетiлетiн қызметтен түскен валюта және теңге түсiмдерi;
      өзге де түсiмдер.
      Iс Басқармасының тиiстi шоттарына аударылатын барлық ақша қаражаты белгiленген тәртiппен жұмсалады.
      10. Iс Басқармасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босататын Iс Басқарушысы басқарады.
      Iс Басқарушысының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.
      <*>
      Iс Басқарушысының орынбасарлары мен өзге де ведомстволық қарасты бөлiмшелердiң бастықтарын Iс Басқарушысы тағайындайды.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақтың 3-ші абзацы алынып тасталды - ҚР
               Президентінің 1998.08.31. N 4034 Жарлығымен. U984034_
               ( U973692_ қараңыз.)

      11. Iс Басқарушысы:
      дара басшылық негiзiнде Iс Басқармасының жұмысын ұйымдастырады, оның нәтижелерi, өндiрiстiк, қаржылық, шарттық және еңбек тәртiбiнiң жай-күйi үшiн дербес жауап бередi, Iс Басқармасының атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды.
      Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын органдар қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен олардың еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне сәйкес Iс Басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты бөлiмшелерiнiң құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
      Iс Басқармасы орталық аппаратының қызметкерлерi мен ведомстволық қарасты бөлiмшелердiң және ұйымдардың басшыларын тағайындайды;
      өзiнiң орынбасарлары арасында лауазымдық мiндеттердi бөледi;
      Iс Басқармасының орталық аппараты туралы Ереженi бекiтедi;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы туралы Ереженi бекiтедi; <*>
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы туралы Ереженi бекiтедi;
      Iс Басқармасы орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен дербес қызметтерi және ведомстволық қарасты бөлiмшелерi туралы ережелердi, ведомстволық қарасты ұйымдардың жарғыларын (ережелерiн) бекiтедi;
      ведомстволық қарасты бөлiмшелерге басшылықты жүзеге асырып, олардың жұмысын үйлестiредi, қызметiнiң ағымдағы және келешектегi бағдарламалары мен жоспарларын бекiтедi;
      ведомстволық қарасты бөлiмшелер мен ұйымдардың қызметiне тексерiстер мен тексерулер жүргiзудi ұйымдастырады;
      заңдарда белгiленген тәртiппен ведомстволық қарасты бөлiмшелердi қайта құруды және таратуды жүзеге асырады, оларға бекiтiлген мүлiктi қайтарып алу немесе қайта бөлу жөнiнде шешiм қабылдайды;
      ведомстволық қарасты бөлiмшелердiң шаруашылық айналымға қатысу, олардың бухгалтерлiк есеп жүргiзумен қаржы есебiн беру тәртiбiн айқындайды;
      Iс Басқармасы орталық аппараты мен ведомстволық қарасты бөлiмшелер қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына үстеме-ақы мен қосымшаақы беру, сыйақы төлеу тәртiбiн белгiлейдi, өзгертедi және алып тастайды;
      белгiленген тәртiппен бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде мүлiкке және ақша қаражатына иелiк жасайды, Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеге сәйкес қолдағы қорларды пайдалану мәселелерiн шешедi;
      белгiленген тәртiппен күрделi құрылысқа, жаңарту мен күрделi жөндеуге арналған сметаларды, жобаларды, титулдық тiзiмдердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнетiн күрделi қаржы есебiнен салынатын күрделi құрылыс объектiлерi бойынша құрылыстардың тiзiмiн бекiтедi;
      шарттар, контракттар жасасады, шаруашылық операцияларын жүргiзедi, сенiмхаттар бередi;
      Үкiмет резиденцияларының, демалыс үйлерiнiң, қонақ үйлердiң, мемлекеттiк саяжайлар мен балалар мекемелерiнiң жұмыс тәртiбiн айқындайды;
      ведомстволық қарасты ұйымдарды қайта құру және тарату, басқа ұйымдарды Iс Басқармасының қарамағына беру, шетел тұлғаларының қатысуымен бiрлестiктер, филиалдар, бiрлескен кәсiпорындар құру мәселелерi жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар енгiзедi;
      өз құзыретi шегiнде бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, ведомстволық қарасты бөлiмшелер мен ұйымдар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нұсқаулар бередi;
      барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Iс Басқармасының мүдделерiн бiлдiредi;
      негiзгi қорларды белгiленген тәртiппен Iс Басқармасының, сондай-ақ ведомстволық қарасты бөлiмшелер мен ұйымдардың баланстарынан шығарады;
      ведомстволық қарасты ұйымдарда штат кестелерi мен шығыстар сметаларын келiседi.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың 7-ші абзацы өзгерді - ҚР Президентiнiң
               1998.08.31. N 4034 жарлығымен. U984034_

      12. Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламентi Шаруашылық басқармасы және Iс Басқармасының Медицина орталығының қызметкерлерiне, техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Мемлекеттiк қызмет туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi қолданылады. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Президентiнiң 1998.08.31. N 4034 
              жарлығымен.  

U984034_

 
     
     13. Iс Басқармасын қайта құруды және таратуды Қазақстан
Республикасының Президентi жүргiзедi".
     II. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi