Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күші бар жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      I. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:

      "Қазақ ССР-iнде азаматтарды пенсиямен қамсыздандыру туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақ ССР Заңының 17-бабы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 25, 328-құжат);

      "Қазақстан Республикасына сiңiрген ерекше еңбегi үшiн берiлетiн зейнетақылар туралы ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 109-құжат; 1993 ж., N 8, 159-құжат; 1994 ж., N 16-17, 217-құжат).

      ІІ. Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін, сондай-ақ жылына бір рет темір жолмен, әуе жолымен, қалааралық автомобиль көлігімен жол жүруге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

      ЕСКЕРТУ. II-бөлiм 2-бөлiкпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1996.12.20. N 51-I Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. II бөлiмi бiрiншi бөлiгiнiң 2)-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N 88-I Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. II бөлiк өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. II бөлiм жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374 Заңымен.

      ІІI. Төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан, кәмелетке толмаған балалары (соның ішінде, оқу орындарын бітірген кезге дейін, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы оқу орындарында оқитын балалары) бар көп балалы отбасыларына тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету) шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

      ЕСКЕРТУ. Жарлық III-бөлiммен толықтырылды, III және IY бөлiмдер тиiсiнше IY және Y бөлiмдер болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N 88-I Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. III бөлiм жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374 Заңымен.

      IY. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа

      сәйкес келтiрсiн;

      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының өздерiнiң осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарын қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн.

      V. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Президентi