"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн" (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 2738 Заң күші бар жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды қайта тiркеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Қаулы Етемiн:

      1. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысының 4-тармағының бiрiншi абзацы:

      1) "Заңды тұлғалар" сөздерiнен кейiн "олардың филиалдары мен


      өкiлдiктерi" сөздерiмен толықтырылсын;

      2) "1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн" сөздерi "1997 жылғы 1 қаңтарға

      дейiн" сөздерiмен алмастырылсын.

      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi