ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Республика Президентiнiң байрағы мен омырау белгiсi мемлекеттiң ең жоғары лауазымды адамының ресми айырым белгiлерi болып табылады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентi байрағының сипаттамасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Былай деп белгiленсiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентi байрағының эталоны орналасатын жер Қазақстан Республикасының астанасындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясындағы қызмет кабинетi болып табылады;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Республика астанасындағы Мемлекет басшысы тұратын Резиденцияда, оларда Республика Президентi болған уақытта басқа резиденциялар үстiнде, Республика Президентiнiң көлiк құралдарында орнатылады.
4. Республика Президентiнiң омырау белгiсi мемлекеттiк мекемелер құрметiне, әскери парадтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын қабылдау, Республика Президентi атынан өткiзiлетiн ресми қабылдаулар, Парламент сессиясын ашу, мемлекеттiк наградаларды тапсыру кезiнде, сондай-ақ Республика Президентi салтанатты кеште немесе концертте құрметтi қонақ болған не қатысқан, ресми телевизиялық сұхбат берген кезде, шетелдiк сапарлар уақытында қабылдаушы тараптың хаттамасына сәйкес тағылуы мүмкiн деп белгiленсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
N 2736 Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Президентi байрағының
сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы - көгiлдiр түстi (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туымен түстес) тiкбұрыш нысанындағы жақтары үштiң екiсiне сәйкес келетiн кездеме. Тiкбұрыштың ортасында қанатты барысқа мiнген, оң қолы жоғары көтерiлген сақ дәуiрi жас көсемiнiң тұлғасы бедерленген алтын шеңбер бар. Барысқа мiнген адамның қолында бiлезiк, мойнында гривна мен тұмар, басында ұшы сүйiрленген қалпақ бар. Барысқа мiнген адам мен барыстың бейнелерi алтын түстес. Барыстың астыңғы жағында қарлы тау шыңдарының бейнесi келтiрiлген.
Көздеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерiлген. Байрақтың сабы "қошқар мүйiз" түрiндегi суреттi қола кескiндемесiмен тұйықталған, оған көбiлмелi шашақ бекiтiлген.
Байрақтың сабында Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк тiлде фамилиясы, аты мен әкесiнiң аты және оның сайланған уақытын көрсететiн даталар өрнектелiп жазылған күмiс темiрше бекiтiледi.