3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 17 маусымдағы N 1246 Жарлығының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 22, 268-құжат);
"Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1673
Жарлығының
1,2-тармақтары.
Қазақстан Республикасының
Президентi