Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 заң күшi бар Жарлығы

Жаңартылған

  МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша сөздер ауыстырылды - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңының  1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын.

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар

      Осы Жарлықта қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi: 
      1) сенiм бiлдiрiлген тұлға - соттан тыс тәртiппен ипотеканы өткiзудi жүргiзетiн тұлға;
      2) кепiл берушi - жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға;
      3) кепiл ұстаушы - негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға;
      4) жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) - кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi; 
      5) ипотекалық шарт - тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келiсiмi; <*>
      5-1) ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген банк қарызы; <*>
      5-2) ипотекалық тұрғын үй қарызы - тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық қарыз. <*>
      6) жылжымайтын мүлiк - жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтiрусiз мүмкiн болмайтын объектiлер; 
      7) негiзгi мiндеттеме - ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме; 
      8) ипотеканы өткiзу - ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктi өткiзу. 
      Ескерту. 1-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу аясы

      1. Осы Жарлықпен мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын қолдану кезiнде туындайтын қатынастар реттеледi. Егер осы Жарлықпен өзге ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрiнiс тапқан кепiл туралы жалпы ережелер мүлiк ипотекасына қолданылады. Осы Жарлық пен басқа да заң актiлерi арасында мүлiк ипотекасын реттеу бөлiгiнде қайшылықтар туындаған жағдайда осы Жарлықтың нормалары қолданылады. 
      2. Шартқа байланысты туындайтын ипотека туралы осы Жарлықтың ережелерi тиiсiнше заң актiсiнiң негiзiнде туындайтын ипотекаға қолданылады. 
      3. Жер учаскелерiнiң ипотекасы мен оларға құқықтардың ерекшелiктерi жер туралы заңдарда көзделуi мүмкiн. 

       3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз
             етудiң шектерi

      1. Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi. 
      Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека, сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң) де төленуiн қамтамасыз етедi. <*>
      2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотека кепiл ұстаушының талаптарын оларды қанағаттандыру сәтiндегi көлемiне қарай: 
      1) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауынан, мерзiмi кешiктiрiлуiнен немесе өзге де тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген шығындарды өтеудi; 
      2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауы, орындалу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi немесе өзге де тиiсiнше орындалмауы үшiн айып (айыппұл, өсiм) төлеудi; 
      3) негiзгi мiндеттемеде не заң актiлерiнде көзделген бөгде адамның ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшiн айыпақыны қоса қамтамасыз етедi. <*>
      3. Ипотека сонымен қатар: 
      1) сот шығындарын және кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға байланысты өзге де шығыстарды өтеудi; 
      2) ипотеканы өткiзу жөнiндегi шығыстардың өтелуiн қамтамасыз етедi. 
      4. Егер ипотека шартында ипотекамен қамтамасыз етiлген кепiл ұстаушының талаптарының жалпы нақты сомасы көрсетiлсе, борышқордың кепiл ұстаушы алдындағы осы сомадан асатын бөлiгiндегi мiндеттемелерi, осы Жарлықтың осы бабының 3-тармағында және 4-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, ипотекамен қамтамасыз етiлген болып саналмайды. 
       Ескерту. 3-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154  Заңымен
      Ескерту. 3-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен
             қамтамасыз ету

      Кепiл ұстаушы ипотека шартының ережелерiне сәйкес немесе кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету қажеттiгiне орай, оны ұстау және күзету не осы жылжымайтын мүлiкке байланысты салықтар, алымдар немесе коммуналдық төлемдер бойынша кепiл берушiнiң берешегiн өтеу жөнiнде шығыстар тартқан жағдайларда кепiл ұстаушының мұндай қажеттi шығыстарын өтеу кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң есебiнен қамтамасыз етiледi. 

       5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы

      1. Бiрлескен ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiкке ипотека бұған барлық меншiк иелерiнiң жазбаша келiсiмi болған жағдайда белгiленуi мүмкiн. 
      2. Ортақ үлестiк меншiкке қатысушы ортақ мүлiктегi өз үлесiне құқығын басқа меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз кепiлге бере алады. 

  2-тарау. Ипотека шарты

       6-бап. Ипотека шартының нысаны

      1. Ипотека шарты жазбаша нысанда жасалып, оған кепiл берушi мен кепiл ұстаушы, сондай-ақ егер кепiл берушi борышқор болмаса (заттай кепiлгер) борышқор да қол қояды.
      2. Ипотека шарты мемлекеттiк тiркеуге жатады. Ипотека құқығы ипотека шарты тiркелген сәттен басталады.
      3. Ипотека шартын нотариалдық куәландыру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады.
      4. Кепiл берушiнiң құқықтары ипотека куәлiгiн беру арқылы расталуы (ресiмделуi) мүмкiн.

       7-бап. Ипотека шартының мазмұны

      1. Ипотека шартында мыналар көрсетiлуге тиiс:
      1) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының, сондай-ақ, егер кепiл берушi (заттай кепiлгер) негiзгi мiндеттеме бойынша борышкер болмаса, борышкердiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жерi (орналасқан жерi); <*>
      2) негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi; 
      3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы; 
      4) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк сол бойынша кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатын құқықтың атауы (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы және басқалары); 
      5) тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша ипотека шартында келiсiмге қол жеткiзiлуге тиiс және заңдарда тыйым салынбаған өзге де шарттар. 
      2. Егер негiзгi мiндеттеме бөлiнiп орындалуға тиiс болса, ипотека шартында тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және олардың мөлшерiне осы мөлшердi анықтауға мүмкiндiк беретiн талаптар көрсетiлуге тиiс. 
      Ескерту. 7-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен
             шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары

      1. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 315-бабының 2-тармағындағы ережелер бұзылып, иелiктен шығарылған кезде кепiл ұстаушы өз таңдауына қарай: 
      1) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiленiң күшi жойылған деп танылуын; 
      2) негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын және кiмнiң меншiгi екенiне қарамастан, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiлуiн талап етуге хақылы. 
      Соңғы жағдайда, егер кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алушы жылжымайтын мүлiктiң ережелер бұзылып иелiктен шығарылуы туралы оны сатып алу сәтiнде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, онда мұндай сатып алушы ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн кепiл берушiмен бiрге көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң құны шегiнде жауап тартады. 
      2. Кепiл берушi ипотека куәлiгiн берген кезде оның кепiлдiкке берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруына жол берiлмейдi. 
      Ол жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар туындайды. 

       9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру

      Ипотека шарты бойынша құқықтарды беру, талаптардан бас тарту ережелерi сақтала отырып, ал ипотека куәлiгi берiлген жағдайда осы Жарлықтың 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және мемлекеттiк тiркеуге жатады. 

       10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары
              туралы кепiл ұстаушыны ескерту

      Ипотека шарты жасалған кезде кепiл берушi, тiптi, бұл құқықтар белгiленген тәртiппен тiркелмесе де, шартты тiркеу сәтiнде өзiне белгiлi ипотека затына барлық үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескертуге тиiс. Бұл ереженiң орындалмауы кепiл ұстаушыға негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын немесе ипотека шарты уағдаластықтарының өзгертiлуiн талап етуге құқық бередi.

       11-бап. Ипотека шартына қосымшалар

      Ипотека шартына ипотеканың талаптарын және/немесе осы шарт бойынша кепiл ұстаушының құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi талаптарды айқындайтын құжаттар қоса берiлуi мүмкiн.

  3-тарау. Ипотека куәлiгi

       12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы

      1. Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң:
      1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға;
      2) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алу мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
      2. Ипотека куәлiгi бiр данада жасалады және кепiл ұстаушыға берiледi.
      3. Ипотека шартының барлық данасында ипотека куәлiгiнiң берiлгенi туралы белгi соғылады.
      4. Ипотекалық тұрғын үй қарызы немесе оның бiр бөлiгi бойынша ипотека нысанасы болып табылатын бiр ғана жылжымайтын мүлiкке қатысты бiр ипотека куәлiгiнен артық жасауға жол берiлмейдi. <*>
      Ескерту. 12-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны

      1. Ипотека куәлiгiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
      1) құжаттың атауына енгiзiлген "Ипотека куәлiгi" сөздерi;
      2) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      3) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      4) егер борышқор негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл берушi болмаса, борышқордың аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері); 
      5) ипотека шарты жасалған күн мен орны; 
      6) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсету; <*>
      7) егер олар төленуге тиiс болса, негiзгi мiндеттеменiң сомасы мен сыйақысын төлеу мерзiмiн көрсету, ал егер бұл сома және немесе сыйақы бөлiнiп төленуге тиiс болса, тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және әрқайсысының мөлшерiн немесе оларды айқындауға мүмкiндiк беретiн шарттарды көрсету; <*>
      8) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы; 
      9) ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатынын айқындайтын құқықтың атауы; 
      10) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке немесе осы мүлiктiң бiр бөлiгiне басқа да ипотека куәлiктерi бар екенiн, ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша ипотека куәлiктерiн қоспағанда, бұл жылжымайтын мүлiк немесе оның бiр бөлiгi жалға берiлген бе немесе оның өзге де ауыртпалығы бар екенiн немесе жоқ екенiн көрсету; 
      11) кепiл берушiнiң қойған қолы; 
      12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi. 
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi. 
      Ескерту. 13-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге
              асырудың шарттары және мiндеттемелердiң
              орындалуы

      1. Осы Жарлықта немесе ипотека шартында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ипотека куәлiгiнiң иесi оны кепiл берушiге көрсетуге мiндеттi. 
      2. Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап етуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi мiндеттеменiң тиiстi бөлiгiнiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке жылына бiр реттен кем қоюға болмайтын белгiнi талап етуге құқылы. Ипотекалық куәлiк жаңа иесiне берiлген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгi мiндеттi түрде қойылады. <*>
      3. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнде болуы не ипотека куәлiгiнде негiзгi мiндеттеменiң iшiнара орындалғаны туралы белгiнiң болмауы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, осы мiндеттеменiң немесе, тиiсiнше, оның бөлiгiнiң орындалмағанын айғақтайды. 
      4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл берушiде болуы, егер өзге жәйт дәлелденбесе, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын айғақтайды. 
      5. Ипотека куәлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау осы баптың 6-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      6. Ипотека куәлiгi бойынша құқықты беру жазбасын (индоссаменттi) жасау жолымен беретiн ипотека куәлiгiнiң заңды иесi, егер мемлекеттiк тiркеуге дейiн ипотекалық куәлiкте ол "маған арналмаған айналым" деген сөздердi жазған жағдайда, ипотека куәлiгi бойынша құқықты жүзеге асырғаны үшiн жауапты болмайды. <*>
      Ескерту. 14-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу

      Ипотека куәлiгiн беру және оны кейiннен басқа иелерiне беру ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк орналасқан жерде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк тiркеуге жатады. 

       16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру

      1. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру онда басқа тұлғаның пайдасына берiлгенi туралы жазба жасау және ипотека куәлiгiн осы тұлғаға беру арқылы жүзеге асырылады. 
      Берiлу жазбасында ипотека куәлiгi жөнiнде құқықтар берiлетiн тұлғаның аты-жөнi дәлме-дәл және толық көрсетiлуi тиiс. Ипотека куәлiгiндегi бланкiлiк берiлу жазбасы жарамсыз болып саналады. 
      Берiлу жазбасына ипотека куәлiгiнде көрсетiлген кепiл ұстаушы, ал егер бұл жазба бастапқы болып табылмаса - алдыңғы жазбада көрсетiлген ипотека куәлiгiнiң иесi қол қоюға тиiс. 
      2. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға берiлуi онымен бiрге негiзгi мiндеттемелер бойынша құқықтардың да осы тұлғаға берiлгенiн бiлдiредi. 
      Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiне негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушының құқықтары мен кредитордың құқықтарын қоса, оның мазмұнынан туындайтын барлық құқықтар тиесiлi. 
      3. Егер осы ипотека куәлiгiне құқықтары ондағы берiлу жазбаларының үздiксiз қатарына негiзделсе, ипотека куәлiгiнiң иесi заңды болып саналады. 
      Егер ипотека куәлiгiнің берiлу жазбаларын жасаған тұлғалардың қайсыбiрiнiң иелiгiнен қолды болуы немесе осы тұлғаның еркiнен тыс басқа бiр ретпен шығып қалғаны дәлелденiп, бұл туралы ипотека куәлiгiнiң иесi оны сатып алған кезде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның иесi заңсыз болып саналады. 
      4. Ипотека куәлiгiнiң басқа тұлғаларға кейiннен берiлуiне тыйым салатын ондағы жазбалар жарамсыз деп танылады. 

       17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша
              құқықтарды қалпына келтiру

      1. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды сот iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен қалпына келтiредi. 
      2. Егер жоғалтып алған ипотека куәлiгiнде жасалған барлық берiлу жазбалары түгел анықталса, кепiл ұстаушы үшiншi тұлғаға берген ипотека куәлiгi бойынша құқықтар қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 
      3. Сот шешiмiнiң негiзiнде кепiл берушi оған "көшiрме" деген белгi соғып, ипотека куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi. 

       18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру

      1. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуде ипотека куәлiгiн кепiлге беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      2. Ипотека куәлiгiн кепiлге берумен қамтамасыз етiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы негiзгi мiндеттеме бойынша құқықтардың осы Жарлықтың 16-бабында көзделген тәртiппен, шарттармен және салдарлармен өзiне берiлуiн талап етуге хақылы. Бұл құқықтарды беруден бас тартылған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мұндай құқықтардың өзiне ауыстырылуын сот тәртiбiмен талап ете алады. <*>
      3. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтар өзiне берiлген немесе сотпен ауыстырылған ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы ипотека куәлiгi мен негiзгi мiндеттеменiң шарттарына сәйкес ипотеканың мәнiнен айыпақы өндірiп алуға хақылы. 
      Ипотеканы өткiзу нәтижесiнде алынған сома ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысының борышын өтеуге, қалған сомасы жылжымайтын мүлiктi кепiлге берген тұлғаға осы Жарлықтың 36-бабының талаптары ескерiлiп берiледi. <*>
      4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мен ипотека куәлiгiн кепiлге берушiнiң келiсiмiмен ипотека куәлiгiнде ипотека куәлiгiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме сомасын түскен ақшадан ұстап қалу үшiн ипотека куәлiгiн белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатуға кепiл ұстаушыға құқық беретiн арнайы кепiлдiк берiлу жазбасы жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 18-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату

      1. Ипотека куәлiгiнiң күшi:
      1) одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылған ретте;
      2) ол кепiл берушiге ерiктi берiлген ретте;
      3) егер одан туындайтын талаптар негiзгi мiндеттеме бойынша борышқорларға негiзгi мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғаннан кейiн бiр ай өткенге дейiн қойылмаса;
      4) ипотеканың мәнi жоғалған жағдайда тоқтатылады.
      2. Осы баптың 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ипотека куәлiгiнiң күшi тоқтатылған жағдайда ипотека куәлiгi иесiнiң негiзгi мiндеттеменi орындау құқықтары сақталады.

  4-тарау. Ипотеканы өткiзу

       20-бап. Ипотеканы өткiзу жолдары

      Борышқор негiзгi мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiл ұстаушы өз талаптарын:
      1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;
      2) егер бұл заң актiлерiнде немесе ипотека шартында не тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы соттан тыс тәртiппен өткiзу; 
      3) осы Жарлықтың 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлген жоқ деп жарияланған жағдайда кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне көшiру арқылы қанағаттандыруға хақылы. 

       21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу

      1. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу кепiл ұстаушының қуынымы бойынша сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiктi сату iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сату арқылы жүргiзiледi. 
      2. Егер борышқор жол берген негiзгi мiндеттеменi бұзушылық аса мардымсыз болса және осының салдарынан кепiл ұстаушының қойған талаптарының мөлшерi кепiлге берiлген мүлiктiң құнына анық сәйкес келмесе, ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға рұқсат берiлмеуi мүмкiн. 
      3. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алу туралы шешiм қабылдаған кезде сот мыналарды анықтап, шешiмiнде көрсетуге тиiс:
      1) оны сату аяқталғаннан кейiн айқындалатын жылжымайтын мүлiктi сақтау және өткiзу жөнiндегi шығыстар сомасын қоспағанда, кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан кепiл ұстаушыға төленуi тиiс барлық сомаларды; проценттiк ара қатынаста есептелетiн сомалар үшiн сыйақы есептелетiн сома, сыйақының мөлшерi және ол есептелуге тиiс кезең; <*>
      2) құнынан кепiл ұстаушының талаптары қанағаттандырылатын, ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымалы мүлiк; 
      3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде бастапқы сату бағасы; 
      4) егер олар қажет болатын болса, жылжымалы мүлiктi өткiзiлгенге дейiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар.
      4. Кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша дәлелдi себептерi болса, сот кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндірiп алу туралы шешiмде оның iске асырылуын, егер: 
      1) ипотека шарты бойынша ол қандай жылжымайтын мүлiктi кепiлге бергенiне қарамастан, кепiл осы азаматтың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруымен байланысты болмаған жағдайда, кепiл берушi азамат болып табылса; 
      2) ипотеканың мәнi ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң құрамындағы жер учаскесi болып табылса бiр жыл мерзiмге дейiн кейiнге қалдыруға хақылы. 
      Кепiлге берiлген жылжымалы мүлiктi өткiзудi кейiнге қалдыру тараптардың негiзгi мiндеттеме жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышқорды кредитордың кейiнге қалдырылған мерзiмде ұлғайған шығындарын, оған тиесiлi сыйақы мен айыпты өтеуден босатпайды. <*>
      Егер кепiл берушi өзiне берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiнiң шегiнде кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырған болса, сот кепiл берушiнiң мәлімдеуі бойынша бұл шешiмдi өзгертедi. 
      5. Ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыруға мынадай жағдайларда: 
      1) егер ол кепiл ұстаушының қаржы жағдайын елеулi түрде нашарлатуға әкелуi мүмкiн болса; 
      2) егер кепiл берушiге немесе кепiл ұстаушыға қатысты оны банкрот деп тану туралы iс қозғалса, жол берiлмейдi. 
      Ескерту. 21-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату

      Үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын борышқор және/немесе кепiл берушi кепiл затын сату өткiзiлгенге дейiн кез келген уақытта кепіл ұстаушының ипотекалық шарттың талаптарына сәйкес оларды қанағаттандыру кезiне қарай оларда бар көлемдегi талабын  орындап, одан айыпақы өндiрiп алуды және оның өткiзiлуiн тоқтатуға хақылы. Бұл құқықты шектейтiн келiсiм жарамсыз болып табылады. 
      Ескерту. 22-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу

      Ипотеканы өткiзуге байланысты кепiл ұстаушының тартқан шығыстары оған кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан өтеледi. 

       24-бап. Ипотеканы соттан тыс өткiзу рәсiмi

      1. Ипотеканы соттан тыс өткiзу рәсiмi сенiм бiлдiрген тұлға ұйымдастыратын кепiлге берiлген мүлiкке сауда-саттық өткiзу арқылы жүргiзiледi. 
      2. Сенiм бiлдiрiлген тұлғаны тараптар ипотека шартында айқындайды. Егер сенiм бiлдiрген тұлға ипотека шартында айқындалмаса, оны кепiл ұстаушы тағайындайды.
      3. Кепiл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға, егер:
      1) жылжымайтын мүлiк ипотекасына басқа тұлғаның немесе органның келiсiмi қажет болса және осындай келiсiм алынбаса; <*>
      2) қоғам үшiн елеулi тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлiк ипотеканың мәнi болып табылса;
      3) ортақ меншiктегi және меншiк иелерiнiң қайсыбiрi кепiл ұстаушының талабын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға жазбаша келiсiм бермеген жылжымайтын мүлiк ипотеканың мәнi болып табылса, жол берiлмейдi.
      Аталған жағдайларда кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алу тек сот шешiмiмен ғана жүргiзiледi.
      Ескерту. 24-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге
              қойылатын талаптар

      1. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн мынадай рәсiмдер орындалуға тиiс:
      1) сенiм бiлдiрген тұлға негiзгi мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарлама жасап, оны ипотека шарты тiркелген органда тiркейдi және оны кепiл берушiге тапсырады. Хабарламаны тiкелей беру мүмкiн болмаған жағдайда, ол кепiл берушiге оның ипотека шартында көрсетiлген мекен-жайы бойынша тапсырыстық хатпен жiберiледi; 
      2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, бiрақ аталған хабарлама кепiл берушiге тапсырылған немесе жiберiлген сәттен отыз күннен ерте емес (осы тармақтың 1-тармақшасы), сенiм бiлдiрген тұлға кепiлге берiлген мүлiкке сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жасап, оны ипотека шарты тiркелген органда тiркейдi, кепiл берушiге, сондай-ақ кепiл ұстаушыға тапсырады және осы Жарлықтың 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы ресми құлақтандыру жариялайды; 
      3) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәттен бастап сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiкке қатысты барлық мәмiлелерге тыйым салынады, ал егер мәмiлелер жасалған болса, олар жарамсыз деп танылады; 
      4) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәт пен оның өткiзiлу сәтiне дейiн кемiнде он күн өтуге тиiс. <*>
      2. Негiзгi мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама алғаннан кейiн кепiл берушi ипотеканы өткiзуге негiздердiң жоқтығы жөнiнде қуыныммен сотқа жүгiнуге хақылы. <*>
      Кепiл берушi сол сияқты осы Жарлықтың 21-бабының 4-тармағында көзделген шарттарға орай ипотеканы өткiзудi кейiнге қалдыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге хақылы. 
      Қуыныммен (арызбен) сотқа жүгiну осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген мерзiмнiң өтуiн тоқтата тұрады. 
      Ескерту. 25-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       26-бап. Мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы
              хабарламаның мазмұны

      Мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс: 
      1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері); 
      2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері); 
      3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны; 
      4) негiзгi мiндеттеменiң қорытылған жиынтығы; 
      5) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң жорамалды сатылуына дейiн кепiл берушi төлеуге тиiс барлық өзге де алымдар, шығындар және шығыстардың қорытылған жиынтығы;
      6) барлық берешектердiң хабарлама алынған сәттен бастап отыз күн iшiнде толық өтелуi туралы ұсыныс; <*>
      7) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке сауда-саттық өткiзудiң мүмкiндiгi туралы ескерту;
      8) сенiм бiлдiрген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрғылықты жері (орналасқан жері).
      Ескерту. 26-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның
              мазмұны

      Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс:
      1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері);
      3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны және ипотеканы өткiзу есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кепiл берушiнiң кепiл ұстаушының алдындағы барлық берешектерiнiң жалпы сомасы;
      4) ипотеканың мәнi болып табылатын және сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүліктің атауы, сыны мен сипаттамасы;
      5) сауда-саттықты өткiзудiң уақыты мен орны;
      6) сенiм бiлдiрілген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрғылықты жері (орналасқан жері) және телефон нөмiрi.

       28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және
              оны жариялау

      1. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн кемiнде он күн бұрын сенiм бiлдiрген тұлға мерзiмдi баспасөзде сауда-саттық туралы құлақтандыру жариялайды. <*>
      2. Сауда-саттық туралы құлақтандыруда мынадай деректер болуға тиiс:
      1) сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы;
      2) жылжымайтын мүлiктiң дәл орны;
      3) егер ол сауда-саттық шарттарында көзделген болса, сауда-саттыққа қатысушының кепiлдi жарнасының сомасы; 
      4) сатып алу бағасын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi; 
      5) сауда-саттықты өткiзу уақыты мен орны; 
      6) сауда-саттықты өткiзетiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), анықтамалар мен төлем деректемелерi үшiн берiлетiн оның телефон нөмiрi. 
      Егер бұл мүмкiн болса және оған ешқандай кедергi болмаса, сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң нақ өзiнiң көрнектi тұсына сауда-саттық туралы құлақтандырудың бiр данасы оны өткiзуден кемiнде он күн бұрын iлiнiп қойылады.
      Ескерту. 28-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу

      1. Сауда-саттықты сенiм бiлдiрiлген тұлға ұйымдастырып, өткiзедi.
      2. Сауда-саттық елдi мекенде (қалада, ауданда, поселкеде, ауылда, селода) мүлiк орналасқан жерде өткiзiледi.
      3. Сауда-саттық аптаның кез келген күнi 9-дан 18 сағатқа дейiнгi уақытқа тағайындалады.

       30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар

      Сауда-саттыққа кепiл берушi мен кепiл ұсынушыны қоса, кез келген заңы тұлғалар мен азаматтардың қатысуға хақы бар. 
      Сенiм бiлдiрiлген тұлға сауда-саттыққа қатыспайды. 

       31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу

      1. Сауда-саттық басталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға әрбiр сауда-саттыққа қатысушыдан кепiлдiк жарнасын енгiзудi немесе жорамал сатып алу құнын оның төлеуге қабiлеттi екенiн растайтын өзге де дәлелдердi талап етуге хақылы. Сауда-саттық аяқталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға ақырғы бағаны ұсынған сауда-саттыққа қатысушыдан осы соманы толық көлемде қолма-қол ақшамен, банк чегi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де есеп айырысу жолдарымен дереу енгiзудi не сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сауда-саттық туралы құлақтандыруда көрсетілген жолдармен және мерзімде аталған бағаны оның төлеуге қабiлеттiлiгiнің дәлелдерiн талап етуге хақылы. 
      2. Сатып алушы дереу төлем жасаудан бас тартқан не оның сауда-саттық туралы құлақтандыруда көзделген мерзiмде төлем жасау мүмкiндiгiне дәлелi болмаса, ол сауда-саттыққа қатысушылар құрамынан шығарылады да, сауда-саттық жалғастырылады деп саналады. Оны жалғастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ сауда-саттықта сатып алған мүлiкке сатып алушы төлем жасамаған жағдайда, осы Жарлықта белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн жаңа сауда-саттық тағайындалады. 
      3. Сауда-саттыққа қатысушы кепiл ұстаушы кепiлдiк жарнасын енгiзуден, сондай-ақ сауда-саттықты ұтқан жағдайда - негiзгi мiндеттеме сомасы шегiнде сатып алу бағасын төлеуден босатылады. 
      4. Қатысушылардың кепiлдiк жарналары сауда-саттық аяқталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс. Сауда-саттықты ұтқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу бағасының есебiне жатқызылады. 
      Сауда-саттықты ұтқан, бiрақ сатып алу бағасын төлемеген қатысушының кепiлдiк жарнасы сенiм бiлдiрген тұлғаның қарамағында қалады және ол бұны осы Жарлықтың 28-бабында белгiлеген тәртiппен пайдаланады. 

       32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау

      1. Сенiм бiлдiрiлген тұлға, егер: 
      1) сауда-саттыққа бiр ғана сатып алушы келсе; 
      2) сауда-саттықта ұтқан тұлға сатып алу бағасын белгiленген мерзiмде енгiзбесе, сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялайды. 
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдаяттардың бiрi орын алса, келесi күнi сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялануға тиiс. 
      3. Бiр ғана сатып алушы қатысқандықтан, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сот шешiмiмен немесе сенiм бiлдiрген тұлғамен белгiленген ағымдық бағалау құны бойынша кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге хақылы. <*>
      Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде кепiл ұстаушы кепiлге берiлген жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алуға хақылы. <*>
      Бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады. <*>
      4. Жаңа саудаласу туралы құлақтандыру осы Жарлықтың 28-бабына сәйкес жарияланады.
       Ескерту. 32 бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.11.08. N 96  Заңымен
      Ескерту. 32-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       33-бап. Сотқа жүгiну құқығы

      Кепiл берушi, сондай-ақ егер ол кепiл берушi болып табылмаса, негiзгi мiндеттеме бойынша борышқор сауда-саттық өткiзудiң рәсiмi бұзылған жағдайда жылжымайтын мүлiк орналасқан жердегi сотта оның нәтижелерiн 3 ай iшiнде даулауға хақылы. 
      Қуыным жасау арызын беру сауда-саттық нәтижесiнен туындайтын iс-әрекеттiң жасалуын тоқтатпайды. 

       34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру

      Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да барлық төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынадай мәлiметтер болуға тиiс: 
      1) сауда-саттықты өткiзудiң негiзi; 
      2) оны өткiзудiң орны мен уақыты; 
      3) сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi; 
      4) кепiл берушi - мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері); 
      5) сатып алушының аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері); 
      6) сатып алушы төлеген сатып алу бағасы; 
      7) сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері). 
      Сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктiң сатып алынғаны туралы құжат сенiм бiлдiрiлген тұлғаның қойылған қолымен бекiтiледi. 
      Егер сенiм бiлдiрiлген тұлға заңды тұлға болып табылса, оның өкiлiнiң қойған қолы осы заңды тұлғаның мөрiмен расталады; егер сенiм бiлдiрiлген тұлға жеке тұлға болса, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен расталады. 

       35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi
              беруден бас тартуы

      Кепiл берушi сатып алушыға ол сауда-саттықта сатып алған жылжымайтын мүлiктi беруден, тұрғын үй-жайды босатқысы келмегенiн қоса, бас тартқан жағдайда, сатып алушы мүлiк орналасқан жердегi сотқа жүгiнуге хақылы.
      Бұл ретте туындаған барлық сот шығыстарын кепiл берушi ипотеканы өткiзуден алған қаражатының есебiнен өтейдi.

       36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу

      Сенiм бiлдiрiлген тұлға сауда-саттықтан түскен түсiмдi мынадай басымдық ретiмен:
      1) сауда-саттықты өткiзудiң шығындары мен шығыстарын өтеуге;
      2) ипотекамен қамтамасыз етiлген негiзгi мiндеттеме үшiн төлем жасауға;
      3) қайталама кепiл және аударым кепiлiмен қамтамасыз етiлген, мерзiмi өткен мiндеттемелердi, сондай-ақ заң актiлерiнде белгiленген кезек ретiмен басқа да жылжымайтын мүлiк ауыртпалықтарын төлеуге;
      4) кепiл берушiге қалған соманы қайтаруға арнап бөледi.

  5-тарау. Ипотеканы тоқтату

       37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi

      1. Егер осы Жарлықта өзгеше көзделмесе, ипотека Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 322-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Бұл ретте борышқордың негiзгi мiндеттеменi орындауы нәтижесiнде ипотека тоқтатылған, сондай-ақ кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сату арқылы да, оны кепiл ұстаушының меншiгiне айналдыру арқылы да ипотека шарты орындалған жағдайда, кепiл ұстаушы аталған iс-әрекеттер жасалғаннан кейiн 15 күн iшiнде кепiл берушiге ипотека шарты тiркелген органда тiркелген ипотеканың тоқтатылғаны туралы айғақтайтын жазбаша құжатты бередi. 
      2. Ипотекалық шартты жасасу кезiне қарай негiзгi мiндеттеменi толық қамтамасыз ететiн кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттеменiң сомаларынан төмен бағамен соттан тыс тәртiппен сатылған кезде, сондай-ақ осындай мүлiк кепiл ұстаушының меншiгiне көшкен кезде, ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттеме де тоқтатылады. <*>
      Ескерту. 37-бап өзгерді - ҚР 2003 жылғы 3 маусымдағы N 427  Заңымен.  

       38-бап. Осы Жарлықтың күшi

      Осы Жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi