1. Елдегi селоны және агроөнеркәсiп кешенiн қолдау Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып саналады.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) 1996 жылға арналған бюджетте аграрлық сектордағы реформалау мен экономиканы тұрақтандыру жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн 10,7 миллиард теңге, оның iшiнде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау жөнiндегi мемлекеттiк қордың белсендi бөлiгiн қалыптастыруға - 3,58 миллиард теңге, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн - 0,6 миллиард теңге сомада қаржы бөлудi қарастырсын. Бұл мақсаттар үшiн лизингтiк қор құрсын және оны қалыптастыру, бюджет қаржыларын, банк кредиттерi мен басқа да көздердi қайтарым жағдайында пайдалану тәртiбiн белгiлейтiн болсын;
2) 1996-1997 жылдары мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен мемлекет мұқтажы үшiн республиканың тауар өндiрушiлерiнен азық-түлiк сатып алуды жүзеге асырсын.
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi аймақтардың өзiн-өзi қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi бюджеттердiң қаржысын және қаржыландырудың басқа да көздерiн пайдалана отырып, тауар өндiрушiлерден азық-түлiк сатып алудың осындай түрлерiн ұйымдастырсын.
3) Азия даму банкiсiнiң бағдарламалалық займының қаржысын Қазақстан Республикасының Үкiметiне агроөнеркәсiп кешенiн дамыту мен реформалардың кезек күттiрмейтiн мұқтаждары үшiн 100 миллион АҚШ доллары сомасында жiберетiн болсын.
Осы займның қаржысын пайдаланудың басым бағыттары:
селода шағын және орта бизнестi дамыту, жұмыспен қамту мәселелерiн шешу;
село индустриясын, өнеркәсiптiң ауылшаруашылық өнiмдерiн ұқсататын шағын нысандарын дамыту;
өзiнiң ауыл шаруашылық машиналарын жасауды қолдау;
отандық өсiмдiк қорғау құралдарын шығаруды ұйымдастыру болып белгiленсiн;
4) 1996-1997 жылдары халықаралық қаржы ұйымдарының басқа да займдарын елдiң суару жүйелерiн қайта жаңғыртуға және мелиорация шараларын жүзеге асыруға, сондай-ақ жер пайдалану құқығын тiркеу жүйесiн жасауға тарту қамтамасыз етiлсiн;
5) село мен агроөнеркәсiп кешенiнiң мұқтажы үшiн бөлiнетiн қаржының тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкi Қазақ акционерлiк агроөнеркәсiп банкiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 1992-1994 жылдары бұрынғы "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының кәсiпорындарына бөлiнген негiзгi қарызы бойынша 480 миллион теңге сомасындағы кредиттер жөнiндегi берешектерiн 1995 жылға арналған лимит шегiнде мемлекеттiң iшкi қарызына жатқызу жөнiндегi мәселенi қарап, шешетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аударылған, бiрақ 1200 миллион теңге сомасындағы осы кредиттердi пайдаланғаны үшiн өндiрiп алынбаған төлемнiң күшiн жою жөнiндегi шешiм қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi;
1) 1996-1997 жылдардың iшiнде әлеуметтiк сала объектiлерiн
аграрлық сектор ұйымдарынан жергiлiктi бюджеттердiң балансына берудi аяқтасын; 2) жұмыспен қамтудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу барысында аграрлық сектордан босатылған қызметкерлердi оқыту мен қайта даярлау жөнiндегi шараларды қарастырсын әрi халықтың әл-ауқаты төмен топтарының мұқтажына бөлiнетiн бюджет қаржысының азаюына жол берiлмейтiн болсын. 5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi