Қазақстан Республикасы халқы тұрмысының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 2692

Қолданыстағы
      Елiмiздiң халқын мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiнiң орташа жылдық есеппен нақты жалақысын 1996 жылдың iшiнде арттыру жүзеге асырылады.
      2. Орташа жылдық есеппен алынған зейнетақылар мен жәрдемақылар мынадай мөлшерде арттырылсын:
      зейнетақылар - кемiнде 1,7 есе;
      жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақылар - кемiнде 1,5 есе;
      басқа да жәрдемақылар - кемiнде 1,6 есе.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
      1996 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсатқа қажеттi қаржы бөлудi көздейтiн болсын;
      халықтың әл-ауқаты мен жiктерiне нақты бағыттарға әлеуметтiк көмектiң тиiмдiлiгiн арттырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн:
      халқының орташа жылдық мөлшерiн кезең-кезеңiмен екi есе арттыру принципi басшылыққа алынып, Бiрыңғай тариф жүйесiне сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн әзiрлеп, бекiтсiн;
      мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың құрылымын оңтайлы ету, штаттарын ретке келтiру, үнем тәртiбiн қайталау, оларды ұстау және қызметiнiң нормалары мен шарттарын жетiлдiру жүргiзiлсiн;
      1966 жылдың 1 ақпанына дейiн:
      зейнетақылардың мөлшерiн арттыру мақсатында мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз етудi реформалау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi