1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1996-1998 жылдарға арналған Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасы (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi Үкiметтiң Iс-қимылының орта мерзiмдiк жоспары, сондай-ақ 1996 жылға арналған кең ауқымды шараларының жоспарын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын баяндасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарын жыл сайын ұсынуға рұқсат берiлсiн.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Аймақтардағы
реформаларды тереңдету жөнiндегi бағдарлама мен iс-қимылдар жоспарын тоқсандық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк секторын одан әрi реформалаудың 1996-1998 жылдарға арналған орта мерзiмдiк бағдарламасын әзiрлесiн. Қазақстан Республикасының Президентi ПРОГРАММА действий Правительства по углублению реформ на 1996-1998 годы (орысша мәтіндi қараңыз аудармасы жоқ, өзгерiстер де орыс тiлiнде ғана берiлген)