"Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 8 желтоқсандағы N 2674 Заң күші бар жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Президентiнiң Күзет қызметiнiң және Республикалық ұланының құрылымдарын жетiлдiру және олардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:

      I. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 286-құжат; N 24, 591-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

      1-баптың үшiншi бөлiгiндегi "үкiметтiк байланыспен қамтамасыз етедi" сөздерi алынып тасталсын;

      9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "және үкiметтiк байланыс органдарымен" сөздерi алынып тасталсын;

      10-баптағы "және үкiметтiк байланыс әскерлерi" сөздерi алынып тасталсын;

      11-баптағы "және үкiметтiк байланыс әскерлерiмен" сөздерi алынып тасталсын;

      13-2 бап алынып тасталсын;

      14-баптың 18-тармағындағы "үкiметтiк" сөзi алынып тасталсын;

      28-баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiндегi "және үкiметтiк байланыс әскерлерiнiң" сөздерi алынып тасталсын;

      II. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай актiлерiн өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 30 желтоқсандағы N 1042 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның жергiлiктi жерлердегi органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынатын әскерлер туралы ережеде:

      1.5-тармақтағы "үкiметтiк байланыс әскерлерi" сөздерi алынып тасталсын;

      2.2-тармақтың он бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттi басқару пункттерiнiң соғыс уақытында жұмыс iстеуге әзiрлiгiн қамтамасыз ету";

      2.7-тармақтағы "үкiметтiк және" сөздерi алынып тасталсын;

      4.1-тармақтағы "Үкiметтiк байланыс бас басқармасы бастықтарын және" сөздерi "бастығын" сөзiмен алмастырылсын;

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы Заң күшi бар N 2483 Жарлығында:

      1-бапта:

      бiрiншi бөлiгi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын үкiметтiк байланыспен қамтамасыз етедi" деген сөйлеммен толықтырылсын;

      2-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "- Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету";

      5-бапта:

      бiрiншi бөлiгi "Республикалық ұланның күштерi мен құрал-жабдықтарын қатыстырып" сөздерiмен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң құрылымына үкiметтiк байланыс бөлiмшелерi мен әскерлерi кiредi";

      екiншi бөлiк үшiншi бөлiк деп саналсын және ол мынадай сөздермен толықтырылсын:

      "Президенттiң Күзет қызметiнiң бастығы лауазымы бойынша Республикалық ұланның қолбасшысы болып табылады";

      мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Үкiметтiк байланыс бөлiмшелерi мен әскерлерiнiң

      негiзгi мiндеттерi

      Үкiметтiк байланыс бөлiмшелерi мен әскерлерiнiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт және соғыс уақытында, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезiнде үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету болып табылады";


      8-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының Үкiметтiк байланысын пайдалану,

      қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, жетiлдiру мен дамыту, сондай-ақ

      халықаралық шарттар негiзiнде басқа мемлекеттердiң үкiметтiк

      байланыс органдарымен ынтымақтасу".

      III. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi