Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.03.26. N 2918 жарлығын қарау керек.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметiн қаржылық, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы құрылсын, оған Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық Басқармасының мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер берiлсiн.
3. Былай деп:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Қазақстан Республикасының Президентiне есептi және тікелей бағынатын мемлекеттiк орган болып табылады;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқарушысын
Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2000.04.21. N 378 жарлығымен.4. <*>
5. <*>
ЕСКЕРТУ. 4,5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Президентінің 2000.04.21. N 378 жарлығымен.6. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде:
1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiн таратып, мүлкi мен iсiн басқару өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына беретiн болсын. P951724
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң және мемлекеттiк бюджетте тұратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды басқару субъектiсiнiң функцияларын табыстау туралы, сондай-ақ оған Қосымшаға сәйкес Тiзбе бойынша акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру туралы шешiм қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы" 1994 жылғы 10 қазандағы N 1884 және "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасы туралы Ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2063 өкiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына
соларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң
функциялары табысталатын не олардың акцияларының
мемлекеттiк пакетi оған басқаруға берiлетiн ұйымдардың
тiзбесi
Үкiмет резиденцияларының бiрiккен дирекциясы, оның құрамында:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы аппартаменттерi
Алматы
Меймандарға арналған бас резиденция
Алматы, Горная көшесi, 97
N 1 Резиденция
Алматы, Горная көшесi, 276
N 2 Резиденция
Алматы, Горная көшесi, 276
N 3 Резиденция
Алматы, Фурманов көшесi, 162
N 4 Резиденция
Алматы, Құрманғазы көшесi, 44
N 5 Резиденция
"Қапшағай" резиденциясы
Алматы облысы
N 7 Резиденция
Алматы, Горная көшесi, 276
N 8 Резиденция
Қабылдаулар үйi
Алматы, Құрманғазы көшесi, 42
Достық үйi
Алматы, Құрманғазы көшесi, 40
"Арман" демалыс үйi, оның құрамында:
N 6 Резиденция
Алматы, Горная көшесi, 276
N 9 Резиденция
Алматы, Горная көшесi, 276
Кiшi резиденция
Алматы, Горная көшесi, 276
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясындағы
N 1 асхана
Алматы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ғимаратындағы N 2 асхана
Алматы, Республика алаңы, 13
"Жалын" мейрамханасы
Алматы, Ленин көшесi, 302 "А"
Саяжай шаруашылығы
"Ақтау" демалыс үйi, оның құрамында:
Мейманхана
Алматы, Горная көшесi, 500
Саяжай шаруашылығы
N 3 Демалыс үйi, оның құрамында:
Мейманхана
Алматы, Ленин көшесi, 302 "А"
Саяжай шаруашылығы
"Алмалы" демалыс үйi, оның құрамында:
Мейманхана кешенi
Алматы, Горная көшесi, 97
Саяжай шаруашылығы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы
Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi, оның құрамында:
Орталық аурухана емханасымен
Алматы, Панфилов көшесi, 139
"Алатау" акционерлiк қоғамы
Алматы облысы, Каменка с. Горная көшесi, 470
"Алматы" санаторийi
Алматы, Қарғалы пос.
"Оқжетпес" санаторийi
Көкшетау облысы, Бурабай пос.
"Қазақстан" санаторийi
Ресей Федерациясы, Ставрополь өлкесi, Ессентуки қаласы,
Пятигорск көшесi, 44
Ыстық көлдегi "Қазақстан" санаторийi
Қырғыз Республикасы, Шолпаната қаласы
Ыстық көлдегi саяжай шаруашылығы
Қырғыз Республикасы, Шолпаната қаласы
Қазақстан Республикасының сауықтыру орындарын салу және
пайдалану жөнiндегi аймақаралық дирекция
Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесi,
Сочи қаласы, Бзугу көшесi, 4
Санэпидемстанция
Алматы, Фурманов көшесi, 175
Балалар комбинаты
Алматы, Қарғалы пос.
Тiректi аптека
Алматы, Шевченко көшесi, 50
N 1 Автошаруашылығы
Алматы, Университет көшесi, 29
Материалдық-техникалық жабдықтау кәсiпорны
Алматы, Ленин көшесi, 300
Жөндеу-құрылыс басқармасы
Алматы, Ленин көшесi, 302
"Достық мейманханасы" акционерлiк қоғамы
Алматы, Құрманғазы көшесi, 36
"Алым" акционерлiк қоғамы, оның құрамында:
Өндiрiстiк база
Алматы, Авангард көшесi, 264
Құрылыс-монтаж басқармасы
Алматы, Лиза Чайкина көшесi, 3
N 2 Автошаруашылығы
Алматы, Гагарин даңғылы, 236 "Б"
"Панфилов" асыл тұқымды мал зауыты
Алматы облысы, Талғар ауданы
"Алатау" кеңшары
Алматы облысы, Қаскелең ауданы
"Бурабай" табиғи-сауықтыру орман
кешенi Солтүстiк Қазақстан облысы,
Щучье ауданы
"Қарасу" Резиденциясы
Көкшетау облысы, Щучье ауданы
"Қарасу" демалыс үйi
Көкшетау облысы, Щучье ауданы
Қарашаңгел мемлекеттiк аңшылық шаруашылығы
Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданы
Ателье
Алматы, Митин көшесi, 6
Кинокөрiнiс қызметiн көрсету дирекциясы
Алматы, Төли би көшесi, 23 "А"
"Тау күнi" балаларды сауықтыру лагерi
Алматы, Горная көшесi, 502
N 1 Ясли-бақша
Алматы, "Қазақфильм" шағын ауданы
N 212 Ясли-бақша
Алматы, Сейфуллин даңғылы, 544
N 239 Ясли-бақша
Алматы, Рубенштейн көшесi, 3-А
ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997.07.15. N 3601 Жарлығымен.