Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 19 қазан N 2542. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасы  Конституциясының  44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
     1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдiң ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай құрылымы белгiленсiн:
     Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары;
     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңесiнiң Басшысы;
     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Сырты iстер министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым 
     академиясы;
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi;
     Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм 
министрлiгi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996.09.14. N   3113 , 1996.11.08. N  3203 , 1996.10.29. N  3168 , 1997.01.14. N  3329 , 1997.03.04. N  3377 , 1997.05.26. N  3531 , 1997.10.10. N  3655 , 1997.11.06. N  3741  жарлықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң қызметiн ұйымдық-құқықтық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты жүзеге асырады деп белгiленсiн, оның құрылымы мен санын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi белгiлейдi. 
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Президенттiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
      2) Үкiметтiң бұрын шығарылған актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
     4. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Президентi