"Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 3 қазандағы N 2476 Заң күшi бар жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес және "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының шығуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Мыналардың:

      "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 390-құжат; 1993 ж., N 8, 178-құжат);

      "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 391-құжат);

      "Сақтандыру нарығын қалыптастыру және дамыту жөнiндегi ұйымдық-құқықтық шаралар туралы" 1994 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 1658 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., 177-құжат) 5-тармағының бiрiншi абзацынан басқасының күшi жойылған деп танылсын.

      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.


      Қазақстан Республикасының

      Президентi