Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Төлем одағын құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 25 мамырдағы N 2301

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. 1994 жылғы 21 қазанда Мәскеуде қол қойылған Әзiрбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина Мемлекеттерiнiң Басшылары жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Төлем одағын құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Президентi