Қазақстан Республикасының тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы 1995 жылғы 19 мамырдағы N 2286

Қолданыстағы
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастықты

неғұрлым тиiмдi жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы
Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдық шараларды жүзеге асыратын
болсын.
     3. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының
           Президентi