Қазақстан Республикасының 1975 жылғы Халықаралық автоарналар туралы Европа Келiсiмiне қосылуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2274

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы 1975 жылғы 15 қарашадағы Халықаралық автоарналар туралы Европа Келiсiмiне қосылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi