Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Тез бұзылатын тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау және осы тасымалға пайдаланылатын арнаулы көлiк құралдары туралы Келiсiмге қосылуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2273 Жарлығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  2-бабына  сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы 1970 жылғы 1 қыркүйектегi Тез, бұзылатын тамақ өнiмдерiн халықаралық тасымалдау және осы тасымалға пайдаланылатын арнаулы көлiк құралдары туралы Келiсiмге қосылсын.

      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi