Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келiсiмiне қатысуы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 12 мамырдағы N 22

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы 1970 жылғы 1 шiлдедегi Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келiсiмiне қосылсын.
      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi