"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
Сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң бiрыңғай тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтарда Москвада қол қойылған Келiсiм бекiтiлсiн.
Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi