Көкшетау облысының Васильковка кен орнында ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерi мен озық технологияны пайдаланып алтын шығаратын өнеркәсiптi одан әрi дамыту үшiн шет ел инвестицияларын тарту мақсатында қаулы етемiн:
1.<*>
2.<*>
Ескерту. 1,2-тармақтардың күшi жойылды, 3-4-тармақтар тиiсiнше 1,2 болып саналды - Қазақстан Республикасы 1996.01.05.
Президентінің N
2749
жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Васильковка кен орнында бағалы металдарды барлауға, өндiру мен ұқсатуға жағдай жасау жөнiндегi шаралар жиынтығын әзiрлеп, халықаралық қабылданған стандарттарға сай келетiн және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қамтамасыз ететiн жобаны жүзеге асыруға арналған кепiлдiктер жүйесiн көздейтiн болсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi