Қазақстан Республикасы мен Түркменстан арасындағы достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шартты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 17 сәуiр N 2197

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 2-бабына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Ашгабат қаласында 1993 жылғы 19 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Түркменстан арасындағы достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

(1998 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)