Бiрыңғай мемлекеттiк ұлт саясатын жүргiзу және республикада қолданылып жүрген барлық тiлдерге деген құқықтық кепiлдiк пен құрметтеушiлiктi қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы таратылатын Тiл комитетiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
3. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi